Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

ҚазҰУ - сіздің таңдауыз

Қымбатты талапкер!

Сенің ҚазҰУ-ды таңдау себебің:

- ҚазҰУ ғылым саласында жоғары білім беру жүйесі ұйымдары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады. Азия даму банкінің мәліметтері бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үлесіне республика ЖОО-дағы жүргізілетін барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарының 50%-дан астамы тиеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда 15 ұлттық зертхана құрылды, олардың ішіндегі нанотехнология бойынша құрылған зертхана біздің университетте ашылды. Бұл ҚазҰУ-дың зерттеушілік университет мәртебесін толық иеленуге жақындай түскенін білдіреді.

- ҚазҰУ білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.

- Университетте Қазақстандағы аса ірі ИНТРАНЕТ желісіне қосылған, 3500 заманауи компьютерден тұратын корпоративтік ақпараттық жүйе құрылған, сондай-ақ компьютер кластары мен Интернет залдар жұмыс істейді. Интранет жүйесі барлық оқытушылар мен студенттерді қамтитын, оқу үдерісінің барлық кезеңінде көптеген параметрлерді күнделікті бақылауды қамтамасыз ететін, студенттерді оқуға ынтыландыруға, олардың үлгерімі мен болашақ жұмыс орнында білімін практикалық қолдану қызығушылығына ықпал ететін ірі корпоративтік желі болып табылады.

- ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады.

- ҚазҰУ қалашығының барлық аймағы Wi-Fi сымсыз желісімен қамтылған. Оның кез келген нүктесінде әр студент университет бірлестігінің желісінде жұмыс істеумен қоса, Интернетке тегін қосылу мүмкіндігіне ие болды. 2010 жылдан бастап 300 орындық Қазақстандағы ең ірі жаңа Жастар Интернет орталығы жұмыс істейді.

- Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы – ҚазҰУ қалашығының інжу-маржаны. Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркемөнер үйірмелері, «Біз» студенттер театры, КТК командасы жұмыс істейді.

- Спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған (ҚазҰУ қалашығының спорт кешені, Студенттердің спорттық клубы, түрлі секциялар, денсаулық топтары). Қызметкерлер мен студенттердің спартакиадасы ұдайы өткізіліп, олардың қалалық жарыстарға қатынасуы қамтамасыз етілген.

- Біздің университет студенттерінің өмірі қызықтылығымен әрі алуандығымен ерекшеленеді. Ол тек дәрістер мен семинарларға қатысумен ғана шектелмейді. Олар шалқыған шығармашылық қуат пен жастық жалынды, балғын талантты шыңдайтын театр студиялары мен поэтикалық клубтарға, көңілді және тапқырлар сайысына белсене қатысады.

- ҚазҰУ – Ыстықкөлде жеке спорттық-сауықтыру лагері бар Қазақстандағы бірден-бір жоғары оқу орны.

Осының бәрі – сен үшін біздің болашақ СТУДЕНТ!

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение