Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

"Тұрақты даму" бойынша жаңа бағдарлама

МАГИСТРАТУРАНЫҢ «ТҰРАҚТЫ ДАМУ» (MDP) БІРЛЕСКЕН БАҒДАРЛАМАСЫ

«Тұрақты даму» магистрлік бағдарламасы – Колумбия университеті Жер институтының MDP бағдарламасымен бірлесіп, әлемдік деңгейдегі университеттердің оқу бағдарламасының негізіндегі, БҰҰ қызметі, қоршаған ортаны күзету, климаттық өзгерістер, сондай-ақ энергетика секілді тұрақты дамудың жаһандық мәселелерін дұрыс түсіну мен қабылдау үшін қажетті магистранттарға арналған екі жылдық бағдарлама.

MDP – БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің жұмысын кәсіби меңгерген, Қазақстан мен әлемдік деңгейде 21ғасырдың көшбасшысы бола алатын жас мамандарды дайындау үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында дайындалған «Тұрақты даму» бағытындағы бағдарлама.

«Тұрақты даму» бағдарламасы Қазақстанның Green Bridge, Қазақстан-2050, EXPO-2017, ПРООН және Алматыны тұрақты дамыту бойынша Дүниежүзілік банк секілді стратегиялық жобаларымен жұмыс жасау үшін магистранттарды дайындайды.

Үздік шетелдік және отандық оқытушылар, зерттеушілер мен практикалық мамандар магистранттардың көшбасшылық қасиеттерін дамытып, аналитикалық ойлау жүйесі мен жоғары білікті басқару тәжірибесін қалыптастыруға көмектеседі.

Оқу бағдарламасыоның мақсаттарына сай дайындалған элективті курстармен толықтырылған бес негізгі модульді қамтиды.

Магистранттарды қазіргі қоғамның негізгі мәселелері мен үрдістеріне, соның ішінде жаһандық жылудың әсеріне, қоршаған ортаны күзетуге, урбанизацияға, инфрақұрылымға, индустриалды және ауылшаруашылық дамуға, табиғи және адам қолымен жасалған апаттарға түсіністікпен қарап, жауап беруге дайындайды.

Курстар ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану, стратегиялық ойлау, time-менеджментсекілді дағдыларды қамтиды.

Жергілікті, аймақтық және халықаралық жобаларда жұмыс жасау оқу үдерісінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. Магистранттар топтық немесе жеке жобаларға қатыса алады. Кей жобалардыMDP жаһандық желісіне енетін екі немесе одан да көп университеттің топтары бірлесіп жүзеге асырады.

Сондай-ақ MDP бағдарламасы АҚШ және Еуропа университеттерінде академиялық алмасу арқылы магистранттарға халықаралық тәжірибеге ие болу мүмкіндігін ұсынады.

Магистранттар ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалған, MDP жаһандық желісіне енетін университеттердің бірінде бір семестр оқуға құқылы.

Оқудың жаһандық ортасының ұстанымдарына сай «Тұрақты даму» бағдарламасы аясында магистранттар келісімшарттар негізінде халықаралық университеттердің-серіктестердің жобаларына қатыса алады.

Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар

«Тұрақты даму» бағдарламасына талапкерлерді қабылдау оқуға түсушілердің бәсекеге қабілетті қасиеттеріне, академиялық көрсеткіштеріне, кәсіби қызығушылықтарына және тәжірибесіне негізделеді.

Талапкер аккредиттелген университеттің бакалавр дәрежесіне ие болуы шарт.

IELTS (кем дегенде 6.0. деңгей) немесе TOEFL(кем дегенде 560) сертификатын ұсынуы тиіс.

Өтінімдерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясындағы география және табиғатты пайдалану факультеті қабылдайды.

MPD бағдарламасының буклеті - Магистратура MDP-A2 size.pdf

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение