Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Тестілеу

Кешенді тестілеу жүргізу

       1. Кешенді тестілеуге қатысу үшін әрбір азамат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  қабылдау коммисиясына:

-бекітілген үлгі бойынша өтініш;

-бастапқы кәсіптік (техникалық немесе кәсіптік) не орта кәсіптік оқу орнын бітіргенін растайтын аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

-тестілеудің қаражатын төлегені жайлы түбіртек;

-3/4 фотосурет 2 дана;

-086 формасындағы медициналық анықтама;

-жеке төлқұжат.

Талапкер 16 жасқа толмаған жағдайда, мектептен фотосуреті бар анықтама және туу туралы куәлігін өткізуі керек.

      2. Кешенді тестілеу 17 мен 23 шілде аралығында азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде орта білім деңгейіндегі оқу бағдарламасындағы төрт пән бойынша жүргізіледі: қазақ не орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні. 5В050400 - «Журналистика», 5В010800 - «Дене шанықтыру және спорт», 5В041600-«Өнертану», 5В042100 – «Дизайн» секілді шығармашылық мамандықтарға тапсырушы талапкерлер бір ғана шығармашылық мамандықты таңдай алады. 5В050400 - «Журналистика», 5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт», 5В041600-«Өнертану», 5В042100 – «Дизайн» мамандықтарына үміткер талапкерлер тек қазақ не орыс тілі және Қазақстан тарихы бойынша кешенді тестілеуден өтеді.

      3. Кешенді тестілеуге келген азамат төлқұжаты мен рұқсатнаманы көрсетуі тиіс.

      4. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут уақыт беріледі. Қайта тапсыру мүмкіндігі жоқ.

     5. Кешенді тестілеу жауаптарын өңдеу Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Ұлттық Тестілеу Орталығының технологиясы бойынша жүзеге асырылады. Кешенді тестілеу жауаптарын жариялау, бекітілген нұсқа бойынша мемлекеттік куәлік беру, тестілеу жауаптарына шағымдану, мемлекеттік грант бөлу ҚР БҒМ Типтік ережелері бойынша жүзеге асырылады.

      6. Дұрыс жауап кодтары жауап парақтарын сканерлеу жұмыстары біткен соң бірден ілінеді.

     7. Кешенді тестілеу жауаптары бойынша тестілеуден кейінгі уш күн ішінде әрбір қатысушыға бекітілген нұсқа бойынша куәлік беріледі.

      8. Тестілеу жауаптарымен келіспеген жағдайда, азамат апелляцияға өтініш жаза алады. Тестілеудегі даулы сұрақтарды оқу орнының апелляциялық комиссиясы қарастырады. Соңғы шешім Республикалық БҒМ апелляциялық комиссияның шешімімен қабылданады.

 

 

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение