Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

PhD докторантураға түсуші үміткерлерге талаптар

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторантурасына талапкерлерге қойылатын талаптар:

- магистр дәрежесі;

- игерілген міндетті пәндер - пререквизиттер болуы;

- ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділік (беделді ғылыми басылымдарда ғылыми жарияланымдардың болуы жақсы);

-мүмкін болатын ғылыми жетекшілердің болуы (отандық және шетелдік).

PhDдокторантурасына түсу үшін талапкерлер шетел тілі және мамандық пәні бойынша 2 емтихан тапсыруы керек.

Шетел тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша оқуға түсу емтиханы ҚР БҒМ Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары ұлттық орталығының технологиялары бойынша тест түрінде жүргізіледі.

 Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгеруін дәлелдейтін:

ағылшын тілінен: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP, шекті балл – кемінде 460), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87),  TOEFL, шекті балл – кемінде 560, International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0);

неміс тілінен: Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/шекті балл - С 1), TestDaf-Prufung (Niveau C1/шекті балл - С 1);

француз тілінен: Test de Français Internationaltm (TFI – оқу және аудирование бөлімдері бойынша B1 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue franзaisе (DELF, В2 деңгейінде), Diplome Approfondi de Langue françaisе (DALF, С1 деңгейінде), Тest de connaissance du français (TCF - шекті балл - кемінде 400) халықаралық сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады. 

PhD докторантурасына түскісі келетін талапкерлердің құжаттарын қабылдау 10 шілде мен 30 шілдеге дейінгі аралықта Әл-Фараби проспектісі, 71 мекен-жайы бойынша жүргізіледі. ҚазҰУ Қабылдау комиссиясы күнделікті таңғы сағат 9-дан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді.

Оқуға түсу түсу емтихандары – ағымдағы жылдың 10 – 20 тамыз аралығында, ал қабылдау – 25 тамызға дейін өтетінін хабарлаймыз.

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение