Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі

Қажетті құжаттар:

1) ректордың атына өтініш;
2) жоғарғы білімі туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі қосымшасымен;
3) бакалавриатты бітіру дипломы;
4) көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың нотариалды расталған көшірмесі, TOEFL шекті балл – кемінде 460, IELTS шекті балл - кемінде 6.0 (бар болған жағдайда);
5) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы (түпнұсқасы) және еңбек қызметін дәлелдейтін құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
6)  3 х 4 көлемдегі 6 фотосурет;
7) Алматы қаласының студенттік поликлиникасында немесе Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Медициналық орталығында расталған 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиясымен бірге);
8) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (3 дана);
9) ғылыми еңбектер және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі, авторлық куәландыру қағаздардың, мақтау қағаздардың, дипломдардың және т.б. көшірмелері (бар болған жағдайда);
10) шет тілі бойынша түсу емтиханды тапсыру үшін ҚР Халық банкі арқылы жасалған төлемақыны растайтын түбіртек (TOEFL, IELTS тестерін тапсырғаны туралы сертификатты бар тұлғалардан басқа);
11) оқу барысында алған сертификаттардың, мақтау қағаздар мен марапаттардың көшірмелері; сонымен қатар олимпиадаларға, байқаулар мен сайыстарға (олардың ішінде халықаралық, республикалық, ғылыми) қатысқандығын дәлелдейтін құжаттар;
12) мекеменің жолдама хаты (мақсатты дайындық бағдарламасына түсетін тұлғалар үшін).

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение