Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі

Қажетті құжаттар:

1)   ректордың атына өтініш;
2)   жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (3 дана);
3) жоғары білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған көшірмесі қосымшаларымен (бакалавр/маман және магистр дипломдарының);
4) көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың нотариалды расталған көшірмесі, TOEFL шекті балл – кемінде 460, IELTS шекті балл - кемінде 6.0 (бар болған жағдайда);
5) шет тілі бойынша түсу емтиханды тапсыру үшін ҚР Халық банкі арқылы жасалған төлемақыны растайтын түбіртек (TOEFL, IELTS тестерін тапсырғаны туралы сертификатты бар тұлғалардан басқа);
6) ғылыми еңбектер және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
7) жұмыс орнынан немесе жоғарғы оқу орнынан ресми бланкте жазылған ұсыныс хат (факультеттің немесе университеттің ғылыми кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі түрінде болуы мүмкін);
8) Алматы қаласының студенттік поликлиникасында немесе Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Медициналық орталығында расталған 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиясымен бірге);
9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы (түпнұсқасы) және еңбек қызметін дәлелдейтін құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
10) еңбек өтілі ретінде көрсетілген мерзімге сәйкес келетін зейнетақы аударылымдарын растайтын құжат (мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсетін ҚР азаматары үшін);  
11) 3 х 4 көлемдегі 6 фотосурет;
12) оқу барысында алған авторлық куәландыру қағаздардың, мақтау қағаздардың, дипломдардың және т.б. көшірмелері, сонымен қатар олимпиадаларға, байқаулар мен сайыстарға (олардың ішінде халықаралық, республикалық, ғылыми) қатысқандығын дәлелдейтін құжаттар (бар болған жағдайда);
13) мекеменің жолдама хаты (мақсатты дайындық бағдарламасына түсетін тұлғалар үшін);

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение