Жаңалықтар

Жаңалықтар


18.10.2023 Оқуға қабылдау кеңсесі 11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыс жүргізілді

Оқуға қабылдау кеңсесінің қызметкерлері "125 High School Тараз" мектебінің оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырылды.


03.08.2023 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары 75 ғылыми жобаны ұтты

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсында 75 жобаны жеңіп алған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдарын құттықтаймыз!


31.07.2023 Жазғы универсиадада спортшымыз жеңіс тұғырынан көрінді

Қытайда өткен 31-ші  Дүниежүзілік жазғы универсиадада Сәдуақас Бекарыс 100 келі салмақ дәрежесінде дзюдодан қола жүлдеге ие болды. 



31.07.2023 ҚазҰУ студенті Дүниежүзілік универсиадада тағы бір медаль жеңіп алды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Константин Малиновский Дүниежүзілік универсиадада пневматикалық мылтық атудан тағы да топтық құрамда жеңіске жетіп, қола медальға ие болды.


30.07.2023 ҚазҰУ студенті Дүниежүзілік универсиадада күміс медаль жеңіп алды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Константин Малиновский Дүниежүзілік универсиадада топтық құраммен сайысқа түсіп, күміс медаль жеңіп алды. 


30.07.2023 ҚазҰУ ректоры Бейжіңде «Қытай – Орталық Азия» симпозиумына қатысуда

ҚХР астанасы Бейжіңде Қытайдың даму жөніндегі халықаралық білім орталығының ұйымдастыруымен «Қытай – Орталық Азия» даму саласындағы білім бойынша симпозиумы басталды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Қытай банктері, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері және талдау орталықтарының басшылары мен өкілдері қатысуда.        


29.07.2023 ҚазҰУ студенті универсиадада алғашқы медальға ие болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Жұбатқан Сұңғат Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан универсиадада дзюдо бойынша жекпе-жек сайыста қола медаль иегері атанды.


28.07.2023 ҚазҰУ білім алушыларға бос гранттар ұсынады

Құрметті білім алушылар!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті босаған білім беру гранттары туралы, сондай-ақ оларға сәйкес мамандықтар бойынша ақылы білім беру шартына қол қойған және талаптарға сай білім алушылар үміттене алатынын хабарлайды! Толық ақпарат үшін деканатқа хабарласыңыздар.


27.07.2023 ҚазҰУ спортшылары Дүниежүзілік универсиадада өнер көрсетеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бес спортшысы Қытайдың Чэнду қаласында өтетін ХXXI жазғы дүниежүзілік студенттік ойындарға аттанды.