Жаңалықтар

Жаңалықтар


21.07.2023 ҚазҰУ студенті Әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Арина Алтухова Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды. Байрақты бәсекеге әлемнің 45 елінен 600 спортшы қатысуда.


20.07.2023 Профессор Герман Ким – 70 жаста

Орталық Азиядағы корейтану мектебінің негізін қалаушы, тарих ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Герман Николаевич Ким 70 жылдық мерейтойын атап өтті.


20.07.2023 ҚазҰУ мұражайына «Алтын адам» экспозициясы қойылды

Университеттің бас мұражайының экспозициясын Ұлы даланың тарихи жәдігері – "Алтын адамның" көшірмесі толықтырды.


20.07.2023 Студенттер өндірістік тәжірибеден өтті

 Химия және химиялық технология факультетінің 2-курс «6B07201 – Фармацевтикалық өндіріс техноло­гиясы», 3-курс «6В07104 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша орыс және қазақ топтарының студенттері биылғы көктемгі семестрге жоспарланған өндірістік тәжірибесін Алматы облысының Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі, Көкөзек ауылында орналасқан «Келун-Қазфарм» ЖШС базасында өтті. Алғашқы күні студенттер өндірістің қауіпсіздік стандарттары және ережелерін сақтау жолдарымен танысты.


20.07.2023 Сөз энергетикасы, жыр эстетикасы...

Шығармашылық тұлғаның, на­ғыз туындыгердің басты белгі-сипаты, меніңше, даралық. Шы­найы өнер иесінің, мейлі, ол қыл­қалам шебері болсын, мейлі, оны дәулескер музыкант делік, мейлі, оны прозашы дейік, мейлі, оны керемет жыршы деп жария­лайық, негізгі ерекшелігі, өрнегі мен төлтаңбасы сонадайдан мен мұндалап тұрғаны абзал.


19.07.2023 Газеттің форматы өзгеріп, штаты бекітіліп, каталогке енді

Университетке келген соң, екі жылдан кейін «Qazaq universiteti» газетіне жауапты болып тағайын­далдым. Әлемге әйгілі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінің төл газетінің ол кезде пішімі А4, көлемі кейде 4, кейде 8 бет екен. 


19.07.2023 VOLT командасының жаңа жобасы

ҚазҰУ студенттері Күн энергиясын өндіруді бақылауға арналған VOLT бағдарламалық жүйесін әзірледі. Бұл стартап жоба Күннен алынатын энергияны арттыруға бағытталған. 


19.07.2023 «QAZAQ UNIVERSITETI» ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Құрметті оқырман!

«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №30 (1896) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.


17.07.2023 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ «QAZAQ UNIVERSITETI»

«Qazaq universiteti» газетінің шығу тарихы бірнеше кезеңді қам­тиды. Алғаш уни­вер­ситет басылымын жур­на­листика факультетінің ұстаздары қолжазба, қабырға газеті форма­тында шығарғанын ұста­зы­мыз, профессор Әбіл­файыз Ыдырысов сту­денттерге жиі айта­тын. Газеттің уақыт өте келе мазмұны, қалыбы мен қарымы өзгерді.


17.07.2023 ҚазҰУ-ға ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор тағайындалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры лауазымына экономика ғылымының докторы, доцент Жaмила Айтжанова тағайындалды.