Жаңалықтар

Жаңалықтар


03.06.2015 Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі Н.К. Ахметжанов «Ғылыми-технологиялық паркінде» ұйымдастырылған көрмеге қатысты

2015 жыл 29 мамырда Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Үкімет басшысының орынбасары Б.М. Сапарбаевтың, ЖОО, кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың, ҚР Парламентінің, халықаралық аккредитациялық орталықтар мен рейтингтік агенттіктер өкілдерінің қатысуымен «Елдің инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.


02.06.2015 Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» еңбегіне 40 жыл толуына орай конференция өтті

ҚазҰУ-да университет жанындағы Олжас Сүлейменов ғылыми-зерттеу орталығы мен «Олжас кітапханасы» баспа үйінің ұйымдастыруымен әйгілі ақын, көрнекті қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің «Аз и Я» еңбегінің жарыққа шыққанына 40 жыл толуына орай конференция өтті.



30.05.2015 ҚазҰУ-да Түлектер күнін атап өтті

ҚазҰУ-да Түлектер күнін атап өту игі дәстүрге айналды. Биыл да Түлектер қауымдастығының ұйымдастыруымен бұл күн өзіндік сән-салтанатымен өтті.


28.05.2015 БҰҰ бас хатшысының орынбасары К.Гайяк ҚазҰУ-да болды

Алматыда айтулы оқиға орын алды. БҰҰ бас хатшысының байланыс және қоғамдық ақпарат бойынша орынбасары Кристина Гайяк әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келді. Ол оқытушылар мен студенттерге арнап дәріс оқыды, сонымен қатар тұрақты дамудағы университеттердің рөлі туралы дөңгелек үстелге қатысты.


27.05.2015 Журналистика факультетінде 5 институционалдық реформа бойынша дөңгелек үстел өтті

ҚазҰУ-да «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам»: Қазақстан дамуындағы жаңа кезең» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырылды. Нәтижесінде университетте «Қазақстан-2050» республикалық біліми-ақпараттық орталығын ашу жөнінде шешім қабылданды.


27.05.2015 ҚазҰУ ғалымдары VIII Астана экономикалық форумына қатысты

Жуырда география және табиғатты пайдалану факультеті энергоэкология кафедрасының меңгерушісі Т.Базарбаева мен кафедра оқытушылары Т.Тәжібаева, С.Полякова VIII Астана экономикалық форумына қатысып қайтты.


27.05.2015 БҰҰ бас хатшысы ҚазҰУ-дың тұрақты даму саласындағы жұмысына жоғары баға берді

Сеулде (Оңт.Корея) БҰҰ-ның академиялық ықпал бойынша екінші форумы өтті, онда өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, стратегиялық даму бойынша 2015 жылдан кейінгі күн тәртібіндегі мәселелер белгіленді. Бұл шараның маңыздылығы – БҰҰ Бас ассамблеясы бекітетін мыңжылдық тұрақты дамудың жаһандық стратегиясын қабылдауына дайындық жылы өтіп отырғандығында.


26.05.2015 ҚазҰУ-да «Әбілфайыз Ыдырысов» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

ҚазҰУ-да университеттік «Өнегелі өмір» тағылымнамалық сериясымен «Әбілфайыз Ыдырысов» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты шараға еліміздің белгілі тұлғалары мен жазушылары, БАҚ өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.


26.05.2015 ҚазҰУ «COMSATSҚА» қабылданды

ҚазҰУ – беделді «COMSATS» халықаралық үкіметаралық ұйымына мүше болған ТМД ЖОО-лары ішіндегі жалғыз университет (Оңтүстіктегі тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен технология бойынша комиссия).


20.05.2015 ҚазҰУ мен Малазия университеті магистранттарды бірлесіп оқытатын болды

ҚР Ұлттық банкі мен Ислам банкінің бірлескен саммиты аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Тун Абдул Разак университеті (УНИРАЗАК, Малазия) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.