Жаңалықтар

Жаңалықтар


30.03.2015 Халықаралық қатынастар факультетінде Мэлс Елеусізовпен кездесу өтті

Халықаралық қатынастар факультетінде «Табиғат» атты Қазақстанның ассоциациялар мен өнеркәсіптер экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовпен кездесу өтті.


29.03.2015 «Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті

2015 жылы 27 наурызда халықаралық қатынастар факультетінде «Аймақтану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Аналитик» және «Самұрық» командалары, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің «Астана» командасы, Е.Букетов атындағы ҚарМУ-дің «Достық» командасы, ҚазХҚӘТУ «G5» командасы, «Тұран» университетінен «Vetritas», «TRANSPARIENT», «Тұран дипломаттары» командалары және Алматы менеджмент университетінің «Reunion» командалары қатысты.


28.03.2015 «Мәдениеттану» бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті

2015 жылдың 26-27 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасы Мәдениеттану пәні бойынша білім беретін, сонымен қатар мәдениет мәселелерін өзекті түрде қарастыратын ЖОО арасында іскерлік және кәсіби байланыс орнату мақсатында республикалық студенттік олимпиада өткізді.


26.03.2015 Болашақ географтар неміс театры актерлерінің жұмысымен танысып қайтты

Рекреациялық география және туризм кафедрасы «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Отель» қойылымының премьерасын Гетте атындағы республикалық неміс театрында тамашалады.


25.03.2015 Студенттер жеңіспен оралды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы VII Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасынан 2-орынға ие болды.


23.03.2015 ҚазҰУ студенті «Бірлік» атты әр ұлттың әндері арасындағы байқауда жеңімпаз атанды

2015 жылғы 21 наурызда «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай «Бірлік» атты әр ұлттың әндері арасындағы байқауда ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4 курс студенті Хмелевская Валерия жеңімпаз атанды.


22.03.2015 ҚазҰУ студенттері Үндістанда Наурыз мерекесіне арналған концерт берді

Наурызды мерекелеу Дели қаласындағы Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан Елшіліктерімен ұйымдастырылды. Іс-шараға Үндістан Сыртқы істер Министрінің орынбасары Навтедж С.Сарна қатысты.


22.03.2015 "Наурыз" мейрамы "Гунны" демалыс орнында тойланды

География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасы Қазақстан туристтік агенттігі ассоциациясы бірігіп «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Гунны» демалыс орталығында «Наурыз» мерекелік іс-шарасын өткізді.


21.03.2015 «Армысың, Әз-Наурыз!» атты думанды кеш өтті

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, студенттердің жастар алаңында «Армысың, Әз-Наурыз!» атты студенттер қалашығының наурыз мейрамы тойланды.


21.03.2015 «Студенттік көктем-2015» ән байқауы өз мәресіне жетті

Наурыз айының 20-шы жұлдызында Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Студенттік көктем-2015» ән фестивалі болып өтті.