Жаңалықтар

Жаңалықтар


17.07.2023 АРМАНЫМ – ҚАЗҰУ

Айсұлу Каимбекова – Алматы қаласындағы №15 гимназияның түлегі. Республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Айсұлу Сабыржанқызының таңдауы ҚазҰУ-ға түсіпті. Оның себебін біз Айсұлудан сұрадық.


16.07.2023 ҚАЗҰУ – ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТ АТАНДЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік (IQAA Ranking) рейтингінде отандық ЖООар арасында бірінші және үздік университеті болып танылды.


16.07.2023 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

(10-14 шілде, 2023 жыл)


14.07.2023 Ойталқы клубына алыс және жақын шетел ғалымдарын да шақырамыз

Таяуда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Эко­номика және бизнес жоғары мектебінің пікірталас клубы құ­рылған еді. Университет қа­быр­ғасында отандық эко­номи­каның келелі мәселе­лері мен өзекті түйіндерін ортаға салатын, ой айтып, ұсыныс білдіретін клубтың мүше­лері ұзақ жылдар бойы білім ордасында еңбек етіп келе жатқан мүйізі қара­ғайдай ға­лымдар, оқытушылар мен түрлі деңгейде білім алу­шылар. Күні бүгінге дейін пікір­сайыс клу­бының екі отырысы өтті. 


14.07.2023 ҚазҰУ студенті халықаралық «Oceanman Kazakhstan – 2023» ашық суда жүзу жарысында жеңімпаз атанды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Елдар Шекербек Астананың 25 жылдығына орай, Қапшағай суқоймасының акваториясында өткен халықаралық «Oceanman Kazakhstan – 2023» ашық суда жүзу жарысында жеңімпаз атанды.


13.07.2023 ҚАЗҰУ БІР КҮНДЕ 1091 ТАЛАПКЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

ҚазҰУ қабылдау комиссиясы бір күн ішінде электрондық кезек арқылы 1091 адамға қызмет көрсетті. Оның ішінде мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына 603 талапкер қатысты.


13.07.2023 ҚазҰУ Мұрат Лаумулинді соңғы сапарға шығарып салды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғалым, дипломат Мұрат Тұрарұлы Лаумулинді ақтық сапарға шығарып салу шарасы өтті.


13.07.2023 ҚазҰУ ректоры Алтай мемлекеттік университетінің президентімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Алтай мемлекеттік университетінің президенті Сергей Землюковпен кездесті. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.


13.07.2023 ҚазҰУ-да құжат қабылдау басталды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы білім гранттарын беруге құжат қабылдай бастады.


12.07.2023 ҚАЗҰУ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті ректорының ғылыми жұмыс жөніндегі кеңесшісі, белгілі ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Нұр Қирабаевпен кездесіп, әріптестік қатынастарды одан әрі арттыру бойынша пікір алмасты.