Жаңалықтар

Жаңалықтар


11.12.2014 Халықаралық қатынастар факультетінде профессор Ж. Ибрашевпен кездесу өтті

Халықаралық қатынастар факультетінде «АНАЛИТИК» клубының шеңберінде профессор К.Н. Макашева және «Аймақтану» мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен «Ресейдің алтын қаламы» атты халықаралық әдебиет жүлдегерінің иегері, Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.У. Ибрашевпен кездесу өтті.


11.12.2014 ҚазҰУ магистранты әлем чемпионы атанды

2014 жылдың 5-7 желтоқсан аралығында Қазақ күресінен Ресейдің Орынбор қаласында бесінші мәрте әлем чемпионаты өтті. 37 мемлекеттің балуандары қатысқан аламан додада ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті дене шынықтыру және спорт кафедрасының 2-курс магистранты Айдос Сейпілұлы әлем чемпионы атанды.


11.12.2014 «Көкжиектегі» кезекті конференция

2014 жылы 9 желтоқсанда «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубы Ғылыми кітапханамен бірлесе отырып «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында көрнекті жазушы Дулат Исабековтің қатысуымен қалалық оқырмандар конференциясын өткізді.


09.12.2014 Елбасы ҚазҰУ-да ЖОО-лар тарихындағы тұңғыш диагностикалық орталықтың тұсауын кесті

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне сапары барысында Қазақстандағы жоғары оқу орындары тарихында тұңғыш рет жүзеге асқан медициналық диагностикалық орталықты ашып, ұжым жұмысына сәттілік тіледі.


08.12.2014 ҚазҰУ ректоры Елбасын университеттегі инновациялық кластердің жұмысымен таныстырды

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болды. ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов Мемлекет басшысын ЖОО жетістіктерімен және келешек даму жоспарымен егжей-тегжейлі таныстырып, мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде 500 млн. АҚШ долларынан астам шетелдік инвестициялар тартылып отырған медика-биологиялық және инновациялық кластерлерді құру бойынша жобалардың жүзеге асырылуы жайлы айтып берді.


06.12.2014 ҚазҰУ-да «Адам денсаулығы және мансап» тақырыбында іс-шара өткізіледі

Сіздерді 8 желтоқсан күні биология және биотехнология факультетінде «Дені саудың жаны сау» жобасының аясында «Адам денсаулығы және мансап» тақырыбында өткізілетін іс-шараға шақырамыз. Лектор - Павлодар мемлекеттік университетінің доценті б.ғ.к. Курбанова Г.Д.


05.12.2014 «Мәңгілік ел – ұлттық идеясы: мәдени капиталды қалыптастыру мәселелері» атты І Халықаралық Гуманитарлық форумы өтті

Журналистика факультетінде Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – ұлттық идеясы: мәдени капиталды қалыптастыру мәселелері» атты І Халықаралық Гуманитарлық форумы өтті.


05.12.2014 «Springer» баспа үйі ҚазҰУ ректоры кітабының тұсаукесерін өткізді

Әлемдегі ең танымал «Springer» баспа үйі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановтың «Экономикалық жоспарлау, басқару және бюджеттеудегі математикалық әдістер мен үлгілер» («Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting») атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Кітап ағылшын тілінде басылып шықты.


05.12.2014 Оқытушылар мен студенттер арасында шахматтан турнир өтті

Халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценттері Б.З. Бюжеева мен А.Р. Әліпбаевтың және «Жас дипломаттар» зияткерлік клубы студенттерінің ұйымдастыруымен профессор К.Қожахметовты еске алуға арналған «Ғалымның аты өшсе де, хаты өшпейді» атты іс-шара өткізілді.


04.12.2014 «НАТО мини-моделі» атты форум өтті

НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталық және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы «Жаңа геосаяси жағдай аясындағы НАТО қызметі» атты жоғары оқу орындары студенттерінің «НАТО мини-моделі» форумын ұйымдастырды.