Жаңалықтар

Жаңалықтар


19.06.2014 «Журналистика негіздері» жазғы мектебі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы арасында Ынтымақтастық туралы меморандум аясында журналистика факультетінде еліміздің 14 облысынан Зияткерлік мектептер оқушыларына арналған «Журналистика негіздері» жазғы мектебі болып өтті.


19.06.2014 «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы – «Мәңгілік елге» тағзым

2014 жылы 18 маусым 2 шілде аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті «Медиасфера» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығы, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық Бюросы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кластерлік бюросы қолдауымен жас ғалым Айдос Әріпбаевтың құрметіне арналған «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы аймақтарда зерттеулер жүргізуге аттанды.


17.06.2014 ҚазҰУ-да молекулалық онкология бойынша жаздық мектеп өтеді

ҚазҰУ-да PhD дайындау бағдарламасын жүзеге асыру аясында 16.06.2014 ж. - 27.06.2014 ж. ICGEB молекулалық онкология бойынша жаздық мектеп өтеді.


13.06.2014 ҚазҰУ-да «Қытай жоғары білімі» атты көрме өтеді

2014 жылдың 17-маусымында ҚазҰУ Студенттер сарайында «Қытай жоғары білімі» атты көрме өтеді.


13.06.2014 ҚазҰУ-да ЕАЭО құру мәселесі талқыланды

ҚазҰУ-да Ғылыми кеңес отырысында ТМД үш елінің экономикалық интеграциясы - ЕАЭО құру мәселесі талқыланды.


04.06.2014 ҚазҰУ ректоры польшалық орденмен марапатталды

Польша мен Қазақстан арасындағы ғылыми білім беру, мәдени және іскер байланысты нығайтып, дамытуға қосқан үлесі үшін ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтанов Польша Республикасына сіңірген еңбегі үшін Кавалерлік крест орденімен марапатталды.


02.06.2014 Түлектермен кездесу өтті

Университетіміздің 80 жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биолог-түлектер Ассоциациясының ұйымдастыруымен биология және биотехнология факультетінде 2014 жылдың 31 мамырында түлектермен кездесу өтті. Биолог әріптестерін құттықтауға университеттің 1948 жылғы түлегі ҚР НАН академигі Х.Д.Дюсембин және 1949 жылғы түлегі профессор Л.Э.Булекбаева келді.


01.06.2014 ҚазҰУ-да түлектерді тамсандырған бал өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай «Мерейтойлы онкүндігіміздің» нүктесін қойып, қорытындысын жасаған Түлектер балы аса жоғары салтанатты деңгейде өтті. Бұл күн ҚазҰУ-дан шыққан мемлекетіміздің беделді азаматтары: көптеген қоғам, мемлекет, мәдениет қайраткерлері болып табылатын барша түлектердің басын қосты. Бірақ, айта кетерлігі сол мыңдаған түлектердің ішінде бұл күн ертең өздерінің бітіру жұмыстарын қорғап, дипломдарын қолға ұстағалы тұрған биылғы жылғы түлектерге ерекше толғаныс беріп, аса маңызды болғаны сөзсіз. Олар қарашаңырақтың мерейлі тойымен тұспа-тұс келген түлектер күніне барынша қызу дайындықпен қатысты.


30.05.2014 ҚазҰУ-да «Университет – бизнес – қоғам: тәжірибе және серіктестік болашағы» атты жұмыс берушілер форумы және «Табысқа жету жолы!» бос орындар жәрмеңкесі болып өтті

Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем­ле­кет­тің жаңа саяси бағыты» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында «Қазақ­стан-2030» Стратегиясының орындалу қо­ры­тындыларын шығара отырып, алды­мыздағы 40 жыл ішінде Қазақ­станның даму көкжиектеріне бағдар берді. Президент: «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру»,- дей келе, «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясының негізгі 7 бағытын белгілеген болатын. Соның 4-уін «Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдары»,- деп атап, Елбасы бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек екендігін нақты көрсетті.


29.05.2014 «Интеллектуалды оқудан - интеллектуалды ұлтқа» ұранымен халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған мерейтой онкүндігі аясында «Интеллектуалды оқудан - интеллектуалды ұлтқа» ұранымен «AlmatyBookExpo» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтті. Шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның Жазушылар одағы және Баспагерлер мен кітап таратушылар қауымдастығы ұйымдастырды.