Жаңалықтар

Жаңалықтар


28.05.2014 «Университет ғылымға негізделген Қазақстан экономикасының қалыптасуының маңызды элементі ретінде» атты ғылыми-практикалық симпозиум өтті

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде ғылымның, білім мен бизнестің берік байланысына негізделетін «ақылды экономиканың» іргетасы қалануда. Оқу ордамыздың сексен жылдық мерейтойына қатысты салтанатты шаралар легін толықтырған «Университет ғылымға негізделген Қазақстан экономикасының қалыптасуының маңызды элементі ретінде» атты ғылыми-практикалық симпозиум осынау көкейтесті тақырыптың практикалық қырын ашып көрсеткен салиқалы мәжіліс болды. 28 мамыр әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркінің коференц-залында өз жұмысын бастаған, ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Т.С. Рамазанов жүргізіп отырған алқалы ғылыми басқосуға зиялы көпшілік молынан жиналыпты.


28.05.2014 Журналистика факультетінде «Егемен Қазақстан» ақпарат орталығы ашылды

Еліміздің бас газетінің 95 жылдығы мен университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай «Егемен Қазақстан» – Ел газеті» атты салтанатты жиын өтті. Кездесуге «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» Акционерлік қоғамының Президенті Сауытбек Абдрахманов және редакция мүшелері, Алматы бөлімшесінің жетекшісі – Қорғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан» газетінің ардагері – Мамадияр Жақып, шолушылар – Гүлзейнеп Абдрахманова, Шарафаддин Әміров, Айнаш Есали, тілші Қанат Ескендір қатысты.


28.05.2014 «ҚазҰУ – Қазақстан элитасының ұстаханасы» атты байқау қорытындысының салтанатты марапаттау рәсімі өтті

27 мамырда «Әл-Фараби» Ғылыми кітапханасында ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойының онкүндігі аясында Журналистер одағы және Журналистер академиясының қолдауымен отандық әрі шетелдік БАҚ пен журналистер арасында ұйымдастырылған «ҚазҰУ – Қазақстан элитасының ұстаханасы» атты байқау қорытындысының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шараға халықаралық, республикалық, аймақтық БАҚ басшылары мен журналистері қатысты.


27.05.2014 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған мерейтой онкүндігі аясында «Интеллектуалды ұлттан интеллектуалды оқуға» ұранымен «AlmatyBookExpo» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтеді

29-30 мамырда сағ. 9:00-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған мерейтой онкүндігі аясында (университет ректоратының алдындағы алаңда) «Интеллектуалды ұлттан интеллектуалды оқуға» ұранымен «AlmatyBookExpo» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтеді.


26.05.2014 «Еуразиялық алуантүрлілік және тұрақты дамуда университеттердің алатын рөлі» Азия университеттерінің III Форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Арье Варшельдің дәрісі болып өтті

24 мамырда VII Астана экономикалық форумы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығын тойлау шеңберіндегі «Еуразиялық алуантүрлілік және тұрақты дамуда университеттердің алатын рөлі» Азия университеттерінің III Форумы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Арье Варшельдің дәрісі болып өтті.


26.05.2014 Жазғы семестр ашылды

24 мамырда сексеннің сеңгіріндегі киелі қара шаңырақ ҚазҰУ-да жазғы семестрінің ашылуы әл-Фараби ғылыми кітапханасының мәжіліс залында өтті.


26.05.2014 24 мамыр күні ҚазҰУ қалашығындағы «Жастар алаңында» Студентттік құрылыс жасағының еңбек маусымы салтанатты түрде басталды

Қазақтың бас ақыны Абай: «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле», – дейді. Сол адамды адам еткен еңбекке жастарды баулу, оны бағалай білуге үйретудің маңызы зор. Сондықтан да елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы студенттік құрылыс жасағын қайта жандандыруды ұсынғанда ҚазҰУ алғашқылардың бірі болып оны қолға алған еді. 24 мамыр күні ҚазҰУ қалашығындағы «Жастар алаңында» Студентттік құрылыс жасағының еңбек маусымы салтанатты түрде басталды. Шараға экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор М. Бектемесов, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш. Жаманбалаева, ҚазҰУ қалашығы басшысы Ә. Сейтжанов және СҚЖ ардагерлері мен жауынгерлері қатысты.


25.05.2014 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған онкүндік аясында БАҚ және журналистер арасындағы университет қызметін үздік насихаттауда «ҚазҰУ – Қазақстан элитасының шеберханасы» атты байқау қорытындысының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биыл 80-жылдығын 21-31 мамыр аралығында тойлауда. Осыған орай 27 мамыр 2014 жылы, (сағ.: 16:00, «Әл-Фараби» Ғылыми кітапханасында (4-қабат) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған БАҚ және журналистер арасындағы университет қызметін үздік насихаттауда «ҚазҰУ – Қазақстан элитасының шеберханасы» атты байқау қорытындысының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.


24.05.2014 ҚазҰУ – студенттік спорттың көшбасшысы

ҚазҰУ-да мерейтойлық онкүндік негізгі іс-шаралар өтуде. Соған орай, «ҚазҰУ – студенттік спорттың көшбасшысы!» деген ұранмен қалалық веложарыстың ашылу салтанатында университеттің үздік спортшыларына құрмет көрсетілді.


22.05.2014 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетінің 80 жылдығына арналған қалалық веложарыстың және университеттің үздік спортшыларына құрмет көрсету спорттық мерекесі өтеді

2014 жылдың 24 мамыр күні әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық унивеситетінің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында қалалық велошеру өткізіледі. Велошеруге Алматы қаласының тұрғындары, қала қонақтары, қаладағы ЖОО студенттері, велоспорттың жанкүйерлері мен кәсіпқой спортшылар (чемпиондар, ардагерлер), қала әкімі А.С. Есімов және қалалық әкімшіліктің қызметкерлері, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетінің ректоры Ғ.М. Мұтанов қатысады.