Жаңалықтар

Жаңалықтар


17.03.2014 «Біз әл-Фараби бабамыз жайлы не білеміз?» атты тарихи-танымдық жүздесулер циклының бірінші отырысы өтеді

20 наурыз (сағат 15.00, механика-математика факультетінің Қызыл залы) университеттің 80-жылдық мерейтойына арналған «Біз әл-Фараби бабамыз жайлы не білеміз?» атты тарихи-танымдық жүздесулер циклының бірінші отырысы өтеді.


14.03.2014 Дәстүрлі «Жас тілшілер» форумы өтеді

2014 жылы 3-5 сәуір күндері сағат (10.00, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті, 3 зал) Респбуликалық «Ұлан» және «Дружные ребята» газеттерінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының «Мобильді репортер» серпінді жобасы аясында дәстүрлі «Жас тілшілер» форумы, «Жас репортер» шоу-кейс фестивалі, «Медиалэнд» интелелктуалды белсенділік күні өтеді.


14.03.2014 Тоғызқұмалақтан жарыс өтеді

18 – 19 наурыз (сағ: 17.00) 2014 жылы ҚазҰУ спорт кешені, шахмат клубы нда жатақханада тұратын студенттері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтеді. Команда құрамы 3 адам. Бас төреші: Айнұр Молдахметова.


14.03.2014 Кездесуде жастарды рухани тәрбиелеудегі діннің рөлі талқыланды

Биология және биотехнология факультетінде университет студенттерінің «Жастарды рухани тәрбиелеудегі діннің рөлі» тақырыбында кездесу өтті.


13.03.2014 Хабарландыру!

2014 жылдың 14 наурызында (сағат 15:00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің № 2 лекция залында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі ҚазҰУ студенттерімен биология және биотехнология факультетінің деканымен, дене тәрбиесі және спорт, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамымен кездесу өткізіледі.


13.03.2014 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Францияның Қазақстандағы елшісі сапармен келді

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фрэнсис Этьен және «Geo-energy» франко-қазақ зерттеу орталығының директоры Пегги Скремин келді.


13.03.2014 Ең үздік 13 студенттік топ анықталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен және ректордың қолдауымен бастау алған дәстүрлі «Ең үздік студенттік топ – 2014» байқауының алғашқы додасы аяқталды.


12.03.2014 ҚазҰУ-да «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ: ДӘУІР СҰХБАТТАСТЫҒЫ» атты І Халықаралық Фараби Форумы өтеді

2014 жылдың 2 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Философия кафедрасы, Әл-Фараби Орталығы және Қазақстандық Философия Конгресінің Алматы бөлімі «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ: ДӘУІР СҰХБАТТАСТЫҒЫ» атты І Халықаралық Фараби Форумын өткізеді.


12.03.2014 «Әл-Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді

8-11 сәуірде «Әл-Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді.


12.03.2014 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жоғары білім бойынша Орталық Азия және Орталық Еуропа форумы / ЕССЕ MUNDUS» халықаралық семинары өтеді

Наурыз айының 13-14 күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары білім бойынша Орталық Азия және Орталық Еуропа форумы / ЕССЕ MUNDUS (Enhancing Cross-regional Cooperation in Erasmus Mundus)» халықаралық семинары өтеді.