Жаңалықтар

Жаңалықтар


01.10.2013 «Infotour»(«Youth travel») студенттік туристік фирмасының демалыс күнгі экскурсиясы

География және табиғатты пайдалану факультеті Рекреациялық география және туризм кафедрасының «Infotour» («Youth travel») студенттік туристік фирмасы Алматы қаласы төңірегіндегі экскурсияларды ұйымдастыру бойынша әрекетін жаңғыртты.


01.10.2013 Хабарландыру!

4 қазан сағат 12:00-де философия және саясаттану факультетінің мәжіліс залында ұстаздар күніне арналған факультетішілік мерекелік кеш өтеді.


01.10.2013 Инновациялық жобалар сайысы басталды

ҚазҰУ-дың ғылыми технологиялық паркінде «Жастар қуаты – болашақ қуаты» атты студенттердің инновациялық жобалар сайысының салтанатты ашылуы болды.


30.09.2013 Қадамың құтты болсын!

«Жастар таңдауы - ҚазҰУ» деп келген кешегі талапкер, бүгінгі бірінші курс студенттері «студент» атанып, қызықты студенттік өмірлерін бастап та кетті. Студенттер ҚазҰУ қалашығы, мұражайы, әл-Фараби кітапханасымен танысып, алғашқы сезімдерімен бөлісті. Алдыңғы буын кейінгі буынға жол сілтеп, білгендерін үйрету және студенттер бір-бірімен танысу мақсатында «Қадамың құтты болсын!» атты «Метеорология» мамандығының бірінші курс студенттерін Студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы табиғат аясында өткізілді.


28.09.2013 Студенттер тіл тарихынан сайысты

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының куратор-эдвайзерлері профессорлар Асылбекова Ж.М., Қартабаева Е.Т., доценттер Сабденова Г.Е., Алпысбаева Н.К., Мийманбаева Ф.Н. тарих, археология және этнология факультетінде Қазақстан халықтарының тіл мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – менің Тұғырым» атты мерекелік шара өткізді.


28.09.2013 Әлемді тану өз тіліңді білуден басталады

27 қыркүйекте халықаралық қатынастар факультетінде аймақтану мамандығы 3 курс студенттерінің қатысуымен «Еуропалық тілдер күніне» арналған «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тақырыпта мерекелік шара өткізілді.


28.09.2013 Дәстүрлі студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы алаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс студенттерін дәстүрлі студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов, университет басшылығы мен ұжымы толық қатысты. Ақжарма кештің шымылдығын ашқан жүргізушілердің әсем сөздерінен кейін, унивреситет ректоры Ғ.М.Мұтанов студенттер қатарына қабылдау күнімен құттықтады.


27.09.2013 Заң факультетінің студенттері қазақ тілін дамыту жолдарын талқылады

Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған «Тілдер фестивалі» аптасы аясында мемлекеттік тілді дамыту бағытында №18 жатақханада студенттермен кездесу өткізді.


27.09.2013 Ана тілдің мерейі тасқан кеш

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен Тілдер мерекесі аясында «Ана тіл мерейі» атты әдеби шығармашылық кеш өтті.


27.09.2013 ҚазҰУ-да Васеда университетінің апталығы

18-25 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде корейтану және жапонтану кафедрасымен жапон тілі мұғалімдерінің қазақстандық қауымдастығымен бірігіп «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы Васеда университетінің апталығын» өткізді.