Жаңалықтар

Жаңалықтар


17.07.2013 ҚазҰУ-ға ҚР Жапония Елшілігінің өкілдері келді

ҚазҰУ ғалымдары мен ҚР Жапония Елшілігінің өкілдері Төтенше және өкілетті елші Юдзо Харада және екінші хатшы Наото Канацу арасында кездесу өтті.


09.07.2013 Орынбор мемлекеттік университеті студенттері ҚазҰУ-да қонақта

ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетіне құрамында сервис және туризм кафедрасының мұгалімдері, аспираттары мен студенттері бар Орынбор мемлекеттік университетінің өкілдері келіп кетті.


09.07.2013 Студенттік жазғы лагерь - Ыстықкөлде

Жақсы жұмыс істеген – жақсы демалады. Бұл демалыс емес, жұмыстың қағидасы. ҚазҰУ жыл сайын өзінің жақсы жұмыс істеген студенттері мен қызметкерлерін Ыстықкөл маңындағы жазғы спорттық-сауықтыру лагеріне 3 күндік демалысқа жіберетіні белгілі.


05.07.2013 ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері Нұрсұлтан шыңында

Іле Алатау тауында жыл сайынғы дәстүр бойынша Астананың 15-жылдық туған күніне арналған «Нұрсұлтан-2013» альпиниадасы өтті. Шараның негізгі мақсаты – рекреация және тау спорт түрлерін, салауатты өмір салтын, тау туризмі және биік тауларға шығу өнерін бұқаралық жаңартуды дәріптеу және насихаттау.


02.07.2013 ҚазҰУ-да республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті

ҚазҰУ-да ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің (РОӘК) гуманитарлық және жаратылыстану мамандықтары оқу-әдістемелік секциясының «Жетекші шетел жоғары оқу орындарының және Назарбаев университетінің тәжірибесі негізінде оқу жоспарын жетілдіру» атты отырысы өтті.


29.06.2013 ҚазҰУ студенттік құрылыс жасағы құрылтайының ашылу салтанаты өтті

«Жастар алаңында» ҚазҰУ студенттік құрылыс жасағы құрылтайының ашылу салтанаты өтті. Дәстүрге айналған жиында «Алға, ҚазҰУ құрылыс жасағы!» деп ұрандаған жастар еңбекқорлықтың үлгісін таныта білді.


28.06.2013 Әскери кафедра курсанттары ант берді

ҚазҰУ-да әскери кафедра түлектерінің ант қабылдау рәсімі өтті. Биыл кафедрада әскери оқудың толық курсынан өткен 351 түлек Отан алдында адалдыққа ант берді. Сонымен қатар әскери кафедраны үздік тәмамдаған курсанттарға, оқу бағдарламасы бойынша запастағы офицерлерге «лейтенант» әскери атағы құрметпен табысталды.



27.06.2013 ҚазҰУ колледж түлектеріне диплом тапсырылды

Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚазҰУ колледж түлектерін дипломмен марапаттау рәсімі болып өтті.


26.06.2013 Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Токио университетінің наноспутник жасау бойынша бірлескен проектісі басталды.

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Токио университетінің Аэронавтика және космонавтика департаменті Жер бетін бақылайтын салмағы 5 кг шамасында технологиялық наноспутник жасау бойынша бірлескен проектіні бастады.

Төменде суретте 2015 жылға қарай дайын болатын наноспутниктің үш өлшемді нобайы көрсетілген.


22.06.2013 Әскери кафедра түлектерінің әскери ант қабылдау рәсімі өтеді

2013 жылғы 28 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедра түлектерінің әскери ант қабылдау салтанатты іс-шарасы өтеді.