Жаңалықтар

Жаңалықтар


30.05.2013 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жас шахматшылар арасында жарыс өтті

30 мамырда Спорт кешенінің шахмат клубында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унивеситет ұжымының балалары арасында «1 маусым - балалар күніне» арналған шахматтан XIII дәстүрлі олимпиада жарысы өтті. Жарысқа 10, 12 және 14 жас аралығындағы балалар қатысты. Жалппы қатысушылардың саны – 18 баланы құрады.


30.05.2013 Шетелдік профессорлар студенттерді марапаттады

2013 жылдың мамыр айының 6-23 аралығында тарих, археология және этнология факультетінде Колорадо университетінің (АҚШ) профессоры, адамның шығу тегі лабораториясының директоры Мишель Глянц, сонымен қатар Колорадо университетінің профессоры, археология орталығының директоры Джейсон Лабелдің адам эволюциясына қатысты мәселелер, Орталық Азияның ежелгі тіршілігі, адам эволюциясы тарихы аясындағы дәрістері сәтті аяқталып, факультет студенттері жинақтаған білімдері бойынша сертификаттарға ие болды.


29.05.2013 Тұңғыш декан атындағы дәрісхана ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы профессор Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырованың 70 жылдығына арналған еске алу мәжілісі және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Осы орайда факультетте тұңғыш декан атындағы дәрісхананың ашылу салтанаты өтті.


27.05.2013 Бейіндік мектепті тұңғыш түлектері тәмамдады

25 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бейіндік мектебінің тұңғыш бітірушілеріне арналған «Сыңғырла, қоңырау, тағы да...» атты іс-шара өтті. Бұл күні көңілдерін қимастық сезімі билеген мектеп түлектері, ұл-қызын жетелеген ата-ана, шәкірттерін үлкен өмірге шығарып салғалы тұрған ұстаздар жиналған шараға Алматы қаласының Алмалы аудандық өкілдері, университет пен мектеп әкімшілігінің құрметті қонақтары қатысты.


27.05.2013 «SOMEONE», жеңісің құтты болсын!

Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен «Студенттік көктем» фестивалі аясындағы «Fest Art» өнер байқауында заманауи би номинациясында 1-ші орынды «Someone» би тобы жеңіп алды.


25.05.2013 Бүгін Түлектер күні тойланды

25 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік деңгейде Түлектер күні өтті. Жыл сайын «ҚазҰУ түлектерінің күні» мамыр айының соңғы сенбісінде тойланады.


24.05.2013 Онлайн кездесудің берері мол

22 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы Қазақстан Республикасының Павлодар қаласының №24, Тараз қаласының №35, Шымкент қаласының Ш.Айтматов атындағы №46, Құлсары қаласының Д.Жазықбаев атындағы №16 және Батыс Қазақстан Облысының Тасқала ауданының С.Ш. Жақсығұлов атындағы орта мектептерімен он-лайн режимде кездесу өткізді.


24.05.2013 Студенттік экотренинг

23 мамырда заманауи зерттеу бағытын ұстанған ҚазҰУ-ң физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасы студенттері және «Экологиялық орталық» қоғамдық фондынының президенті Людмила Рязанованың қатысуымен экотренинг өткізілді.


23.05.2013 ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.Сарсембаевпен кездесу өтеді

ҚазҰУ-дың заң факультеті және мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Алдангорович Сарсембаевпен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама» тақырыбында кездесу өткізеді.


23.05.2013 Ағылшын тілінде дәріс оқитын оқытушылар назарына!

27 мамырдасағат сағат 10:00-де Лингвистикалық сауат орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің методикалық бюросы «Ағылшын тілі – әлемдік білім тілі: жаңа белестер мен жаңа әдістер» атты ғылыми-әдістемелік конференцияны өткізеді.