Жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары сутек алу әдісін ойлап тапты

20.01.2017

ҚазҰУ ғалымдары газ қоспасынан сутек алып, оның изотоптарын бөлу әдісін ойлап тапты.

ҚазҰУ-дың ашық түрдегі Ұлттық нанотехнология зертханасының ғалымдары ванадийлі құйынды арқылы сутек изотоптарын бөліп тазалау технологиясын ұсынды.

Ф.- м.ғ.к. Т.В.Кульсартованың жетекшілігімен ғалымдар командасы артық газдарды «өзіне сіңіру» қасиетіне ие ванадий кристалл торын құру ерекшелігін пайдаланды. Зерттеу барысында кристаллдық тор ұяшықтарымен толтырылған гидридтер мен дейтеридтер сутегінің изотобін бөліп алды. Жоба авторлары осы мақсатта тәжірибе жасап көрді. Жұмыс нәтижесі энергетика, химия және электронды өнеркәсіпте қолдануға болатынын көрсетті, сонымен қатар, сутегінің изотобы қолданылатын басқа салада да пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.