Жаңалықтар

ҚазҰУ профессоры Ватиканнан Қазақстанның көне картасын тапты

27.02.2017

Ватикан мұрағатының құнды мұра көшірмелерінен 16-ғасырдағы Қазақстан картасы табылды. Батыс пен көшпенділер байланысын айғақтайтын жәдігерді ең алғаш Колумбиялық және Қазақ ұлттық университетінің профессоры Рафиз Абазов тапты. Ғалымның айтуынша, көне карталардың ел тарихына тікелей қатысы бар.

РАФИЗ АБАЗОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ПРОФЕССОРЫ:

Менің ойымша, бұл жерде Қазақстанның бір бөлігі бар. Өйткені, мына жерде Отырар қаласы көрсетілген. Ал, мына карта ең көнелердің қатарына жатады. Сапасы нашар. Менің ойымша мына аймақта сол уақыттағы Қазақстан көрсетілген. Сөзіме дәйек, Арал теңізі, Каспийдің бір шетін көруге болады.

Рим мен Алаштың сонда қандай байланысы болды? Рафиз Абазовтың бұл сұраққа өз пайымы бар. Жібек жолының бойындағы сауда батыс пен шығыстың байланысына тікелей түрткі болған. Бағыттан жаңылмас үшін, римдіктер жүрген жолдарын картаға түсіріп отырған.

РАФИЗ АБАЗОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ПРОФЕССОРЫ:

Оларда қыпшақтармен тығыз байланыс орнаған. Саудада жүздеген жылдар бойы негізгі серіктестері болған. Тіптен, сол кезеңде Венецияда қыпшақтар тұрған бөлек аудан болды деген мәліметтер бар. Енді қолда бар картаны басқалармен салыстырып шығу қажет.

Қазақ тарихының тағы бір түндігін ашқан ғалым жаңалығын одан әрі зерттеуге саяхатшы Сапар Ысқақов та өз үлесін қоссам дейді. Ол биыл «Бабалар ізімен» атты экспедициямен әлемнің 20-дан астам еліне аттанбақ. Сапар барысында Ватикан мұрағатына бас сұғып, құнды мұраларды тапсам деген үміті бар.

САПАР ЫСҚАҚОВ, САЯХАТШЫ:

Олар туралы жазылған мәліметтер көп көрінеді. Ол үшін әрине ізденіс керек. Біз өзіміздің тарихымызды ары қарай зерттей беруіміз керек. Меніңше, біздің қазақтың тарихы әлі толық ашылған жоқ. Толық зерттелген жоқ.

Профессор Рафиз Абазов та Ватиканға оралып, тапқан карталарының сырына одан әрі тереңірек бойлауды көздеп отыр. Зерттеу нәтижесінде, бәлкім қазақ тарихының жаңа парағы ашылар.

                                                                                                                                                    http://kazakh-tv.kz

Сфера внутри сферы (Sfera con sfera) в Ватикане

 

Ватиканская апостольская библиотека