Жаңалықтар

Елшілік сағат

27.02.2017

Халықаралық қатынастар факультетінде Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен мырзаның қатысуымен  Елшілік сағат ұйымдастырылды.

Елшілік сағатты халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы және «Талейран» студенттік дипломатиялық клубы ұйымдастырды. Шара шеңберінде Франсис Этьен мырза «Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары»тақырыбына дәріс оқыды. Шарада Францияның университеттік ынтымақтастық мәселелері бойынша атташе Северин Ван Гастел, халықаралық қатынастар факультетінің деканы К.Н.Шакиров, оқытушы-профессорлар, университеттің жас ғалымдары және студенттері қатысты.

Кездесу барысында Еуропадағы қазіргі халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері және Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.