Жаңалықтар

«Психология» мамандығының ашық есік күні

17.03.2017

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Алматы қаласы мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейімдік мектеп және К. Байсейтова атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп түлектеріне арналған Ашық есік күнін өткізді.

Мерекелік іс-шараға ата-аналар, педагогтар, психологтар және ҚазҰУ-нің түлектері, сонымен қатар, кафедра жұмыс берушілері мен серіктестері қатысты. Олардың қатарында, Қазақстандағы «Дағдарыс орталығы одағының» төрайымы Байсакова З.М., ҚР мемлекеттік қорғау қызметінің подполковнигі Рысмендиева А.А., «Мектептегі психология» журналының бас редакторы Олжаева А.К., Цеснабанк бизнес-тренері Бекбаева А.М., Алматы қаласы №8 оқушылар үйінің директоры Кожахметов Д.С., Алмалыбақ ауылы мектеп-гимназиясының директоры Махамбетова С.О.

Оқытушылар абитуриенттер мен олардың ата-аналарының «Психология» мамандығы туралы сұрақтарына жауап берді, ақпараттық материалдар таратып, оқу курстарының ерекшеліктері, факультеттің ғылыми және мәдени өмірі туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары Құдайбергенова С.К. және Файзуллина А.К іс-шара қонақтарына арналған танымдық және диагностикалық байқаулар өткізді. Болашақ абитуриенттер «Менің сүйікті мамандығым - психология» тақырыбындағы қабырға газеттер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы және жетістіктері туралы видеороликтер, психолог даярлауда қолданылатын құрал-жабдықтар, оқу аудиториясының безендендірілуімен танысты. 

Ашық күн есігінде «Психология» мамандығының студенттері «Сказка – ложь, да в ней намек…» байқауы аясында театрландырылған көріністерді сахналады. Көрермендер және жюри көзқарастары бойынша ең қызық психологиялық интерпритацияны «Морозко» ертегісі бойынша 2 курс студенттері көрсетті. Ал, 3 курс студенттері «Волк и семеро козлят» ертегісі көрінісі бойынша «Үздік декорация», «Золушка» ертегісі «Үздік қойылым» номинациясын жеңіп алды. Ән орындауда К. Байсейтова атындағы музыкалық мектеп оқушылары көрермендер ықыласына бөленді.

Ашық есік күнін кафедра оқытушылары М.П. Кабакова, Ф.С. Ташимова, А.К. Файзуллина, А. Ризулла және топ кураторлары ұйымдастырды.

 

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы