Жаңалықтар

Наурыз мейрамы және қазақ халқының рухани мұрасы

17.03.2017

Халықаралық қатынастар факультетінде «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында «Наурыз мейрамы және қазақ халқының рухани мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы Еуразиялық зерттеулер орталығы, Алматы қалалық БҰҰ-ның Бұқаралық ақпарат департаменті мен БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесіндегі (ЭКОСОС) реестрлік консультативтік мәртебесіне ие Халықаралық қоғамдық «Полигон – 29 тамыз» қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Шараға Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері: Венгрияның Бас консулы Ференц Блауман, Индия Елшілігінің Алматы қаласындағы өкілі Джозеф Бенедикт Мартин Сириак Клеменс, Әзербайжан Елшілігінің Алматы қаласындағы өкілі Низами Рустамов, сондай-ақ, Қырғызстан Елшілігінің Алматы қаласындағы өкілі Натим Рыспеков пен БҰҰ-ның Бұқаралық ақпарат департаментінің өкілі Ален Куспанов атсалысты. Қатысушылар түркі халықтарының мәдени және рухани мұрасы, тенгришілдіктегі экологиялық даналықтың басымдылықтары, Еуразия халықтарының ежелгі мәдениеті мен олардың қазіргі шығармашылығындағы тенгришілдік бейнелері туралы сөз қозғап, қызу пікірталас жүргізді. Айтып өту керек, дөңгелек үстел барысында жаңа «Тенгришілдік – түріктердің ежелгі дүниетанымы» атты деректі фильмінің тұсауы кесілді.

 

 Халықаралық қатынастар факультеті