Жаңалықтар

Ерлік сабағы

25.04.2017

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25-жылдығы мерекесіне орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында ӘШҚҚ әскерлері Күніне арналған Ерлік сабағы өткізілді.

Дәстүрлі түрде, сәуірдің екінші жексенбісі әуе шабуылдауына қарсы қорғаныс әскерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады. Мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ӘШҚҚ әскерлерінің маңыздылығын ескере отырып, және студенттік жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында, 2017 жылдың 14 сәуірінде Ерлік сабағы өткізілді. Бұл шараға Қарулы Күштерінің ардагерлері әуе қорғаныс Күштері Басқолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі бұрынғы орынбасары, отставкадағы генерал-майор Владимир Пестрович Бондаренко, әскери ӘШҚҚ бойынша ҚР ӘШҚҚ Қолбасшысының бұрынғы орынбасары отставкадағы полковник Марис Юнусович Раджибаев, Құрлық әскерлері ӘШҚҚ әскерлерінің бұрынғы бастығы отставкадағы полковник Юрий Михайлович Сойкин шақырылды.

Ерлік сабағын бастай отырып, әл-фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедра бастығы  полковник Олег Валиахметұлы Әжімов Қарулы Күштер ардагерлерімен, тәуелсіздік Қазақстан армиясы құрылудың бастау жолдарында тұрған адамдармен осындай кездесулердің маңыздылығы туралы айтты.

Полковник Олег Валиахметұлы Әжімов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті біздің ғана емес, Орта Азия ішіндегі жетекші ЖОО-ның бірі екендігі және әскери кафедраның тарихы мен заманауи жетістіктері туралы айтты.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы 1965 жылдан бастап ӘШҚҚ әскерлері үшін запастағы офицерлерді оқытып, ӘШҚҚ әскерлері үшін 7000 офицерлер дайындады.

Студенттер алдында сөз сөйлеу барысында құрметті қонақтар ӘШҚҚ әскерлерінің тарихы туралы, қалыптасу жолдары, қиыншылықтар туралы айтып, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Заманауи жағдайда жастардың патриоттық тәрбиелеу маңыздылығы жөніндегі мәселесін жан-жақты талқылады.

Біздің армияның еңбек сіңірген ардагерлеріне әскери кафедраның оқу-материалдық базасын, ӘШҚҚ мамандарын интербелсенді оқыту бойынша жаңа тренажерлерін, компьютерлік класстар, атыс тирі және әскери-патриоттық орталығын жұмысымен таныстырды.

Өткізілген шара Отанымыздың болашақ қорғаушылар ұрпағын тәрбиелеу ісіне маңызды үлесін қосты.

 

Әскери кафедраның мемлекеттік тілді дамыту және аударма бөлімі