Жаңалықтар

ҚазҰУ магистранттары Ыстамбұл университетінде

10.08.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ыстамбұл университеті арасындағы байланыс күннен-күнге жанданып келеді. Түрксой кафедрасының магистранттары Ыстамбұл университетіндегі Фараби орталығына барып, екі апталық тағылымдамадан өтіп қайтты.

Атап өту керек, екі жақты келісім-шарттың нәтижесінде биыл Ыстамбұл университетінде Фараби орталығы ашылған болатын. Ондағы мақсат, біріншіден, Әл-Фараби бабамыздың мұрасын бірге зерттеп, әлемдік деңгейде насихаттау болса, екіншіден, екі университет арасындағы байланысты барынша нығайту. 

ҚазҰУ магистранттарын Ыстамбұл университетінің ректоры Махмұт Ак мырза қабылдап, университет тарихымен және оқу орнының алдағы даму жоспарымен таныстырды. Фараби орталығының директоры, профессор Абдолла Кызылжык ұйымдастырған арнайы дәрістер мен семинарлардың «Түркітану», «Шетел филологиясы» мамандары үшін маңызы зор. Іс-шаралар барысында жас ғалымдар зерттеп жүрген тақырыптары төңірегінде Ыстамбұл университетінің белгілі ғалымдарымен пікір алмасуға мүмкіндік алған. Өз кезегінде олар тарихы терең Сүлеймания, Баязид секілді Түркия кітапханаларына барып, қажетті ақпаратқа қол жеткізгендіктерін айтады. 

Түрксой кафедрасы