Жаңалықтар

Еліміздегі этносаралық және конфессияаралық келісім моделі

29.08.2017

ҚазҰУ-да «Қазіргі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім моделі» атты ҚР Конституциясы күніне арналған конференция болып өтті.

Шараны ұйымдастырған Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталық» ҚҚ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Дінтанулық зерттеулер және экспертиза орталығы» болды.

Конференция мақсаты: мемлекеттіліктің конституциялық негізін түсіндіру, Қазақстан Республикасындағы зайырлықты насихаттау және түсіндіру, дәстүрлі діндер мысалында жастардың рухани өнегелігін қалыптастыру, тұрғындар арасында төзімділік санасын қалыптастыру.

Конференция жұмысына отандық ғалымдар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дәстүрлі дін өкілдері, дін саласындағы теолог-сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар мен саяси партиялардың өкілдері, ҚР ЖОО магистранттары мен докторанттары қатысты.

Конференцияда модераторлар қатарынан профессор Бишманов К.М. және философия ғылымдарының докторы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева А.Д. сөз сөйледі. Пленарлық отырыста философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Әлия Масалимова мен Алматы қаласы, Діни істер департаментінің бастығы Айдар Есенбеков құттықтау сөзімен бөлісті. Сөз сөйлегендердің айтуынша, қойылған міндеттерді шешу Қазақстан Республикасының Конституциясы шеңберінде азаматтық қоғам институттарының әлеуетін одан әрі нығайтуға, оның ішінде этномәдени, жастар, қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдар, барлық деңгейдегі билік органдары және дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру, этносаралық және дінаралық қарым-қатынастар саласындағы, мәдениаралық сұхбатты қажетті деңгейде дамыту және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланыс пен әлеуметтік әріптестікті орнату мәселелерін талқылады. Пікірталас алаңына қатысқан ғалымдар, конференция баяндамашылары қойылған мәселелердің шешімі – Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген азаматтық коғам институттарының, соның ішінде этно-мәдени және жастардың қоғамдық ұйымдары мен діни бірлестіктер әлеуетінің барлық билік органдарымен бірлесе отырып жұмыс жасай алуына байланысты деп санайды.

Конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы мәдени және дінаралық келісімді қалыптастырудың заңнамалық негіздерін, Қазақстан Республикасының Конституциясына сай азаматтардың дін саласындағы құқықтары мен міндеттерін, экстремизмнің алдын алу және Алматы қаласының территориясындағы этносаралық қақтығыс көріністерін болдырмау мәселелерін, жастар арасындағы экстремизмнің орын алу себептері және экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша превентивтік жұмыстар, Қазақстан халқының ынтымақтастығын күшейтуге бағдарланған этно-мәдени бірлестіктердің түрлі шараларын өткізу мәселелерін қарастырды, сонымен қатар ғылыми сала мен білім беру жүйесін дамыту, тұрғындар арасында белсенді ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары, дін саласындағы заңнама, дәстүрден тыс діни қозғалыстар, ұлттық мәдениетке жат діни ғұрыптық киім кию, салт-дәстүрдің дінмен байланысы бойынша сараптамалық және зерттеу жұмыстарын дамыту, этностар мен конфессиялар арасындағы сұхбаттасу мәдениетін сақтау мәселелері жан-жақты талқыланып, ұсыныстар берілді.

 

 

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы