Жаңалықтар

Әлемдік Универсиада жеңімпаздары

05.09.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Тайбэйде өткен XXIX жазғы универсиада 2017 ойындарында 4 медальді жеңіп алды. Жарысқа әлемнің 142 елінен 7639 спортшы қатысты.

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының екінші курс студенті, ауыратлет Денис Уланов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыласын жеңіп, Қазақстан құрама командасының қоржынын алтын медальмен толықтырды. Жеңімпаз өз сөзінде: «Мен жарысқа аттанар шақта университетіме алтын медаль әкелуге уәде бердім және маған уәдемді орындаудан басқа жол қалған жоқ»,-деді.     

100 метрлік қашықтықта қола және 200 метрлік қашықтықта күміс жүлде алған Дмитрий Баландин екі бірдей медалды қоржынға салса, ҚазҰУ-дың тағы бір студенті Сергей Григорьев 5,5 м биіктікке  секіріп күміс жүлдегер атанды.

ҚазҰУ-да жоғары жетістікті спорт және денешынықтыру қозғалысы белсенді дамуда, отыздан астам спорт түрі бар. Сексиялардың клубтық формасы студенттерге дене шынықтыру және спортпен ыңғайлы уақытта әрі нәтижелі шұғылдануға мүмкіндік береді. Бүгінде ҚазҰУ студенттері Әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарының, әртүрлі халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Баспасөз қызметі