Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Жұлдыздай жарқыраңыз

06.09.2017

Журналистика факультеті студенттерінің Space Nomads командасы Canon Europe компаниясының «Болашақ қуаты» атты ең үздік студенттік видео байқауында жеңімпаз атанды.

Бірінші орын иеленген студенттерге Canon бейне жабдығын сатып алуға 600 000 теңгеге кепілхат табысталды. Марапаттау рәсімі 6 қыркүйекте Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің Австрия павильонында өтті. ҚазҰУ студенттерінің бәсекелестері KIMEP (2-орын) және Назарбаев Университетінің (3-орын) болашақ журналистері болды. Барлық командалардың фильмдері байқау талаптарына сай келді бірақ, біздің студенттердің жұмысы үздік  деп танылды. 

«Шамдай жарқыра» атты қысқаметражды фильмінің авторлары  орыс бөлімінің 4 курс студенттерінен құралған топ: Н.Данилин, Т.Кайрат, А.Ильчибаева және А.Григорянцтер болды. Топ жетекшісі баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доцент міндетін атқарушы Мусинова Асель Ахметқызы. Байқаудың қазылар алқасы құрамында: танымал кинорежиссер және жазушы Сатыбалды Нарымбетов, белгілі видеоблогер Михаил Топтыгин,   режиссер және продюсер Рубен Газарян, жаңа технологиялар бойынша басқарушы директоры, Қазақстандағы Canon CEE компаниясы өкілдігінің басшысы Александ Смирягин сынды беделді тұлғалар топтың шығармашылық жұмысын жоғары бағалады. Александр Смирягин құттықтау сөзінде фильм өте стильді, креативті және шынайы авторлық фильм деп атап өтті. «Студенттердің әлеуметтік идеяны техникалық жағынан жоғары операторлық шеберлікпен және сапалы дыбыстаумен ұштастыра білуі мені таң қалдырды. Стандартты емес бейнемонтаждау арқылы тақырыпты ерекше формада ұсына білген».

Команда капитаны Никита Данилин кәсіби EOS C300 EF және XF305 камералары, 16GB жадылық карталар және EF-S 18-135; EF 24 f / 1.4L линзалар сынды Canon аппаратураларымен жұмыс істеу өте қызықты екенін атап өтті. "Маған оператор ретінде бұл ерекше тарту болды және Canon компаниясының ұсынған мүмкіндігі үшін алғыс білдіремін. Бейнеге келер болсақ – біз абстрактілі және арт-хаус секілді ерекше бейнежазба түсіргіміз келді. Тақырыпты  шығармашылық тұрғыдан ашуға тырыстық. Фильмнің негізгі идеясы осы мәселеге халықтың назарын аудару. Себебі шығармашылық жолын бастаған әрбір адам болашақтың қуаты". Шамдай жарқыраңыз!

 

Баспасөз қызметі

 

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение