Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

ҚазҰУ ректоры ISESCO сыйлығының иегері атанды

11.09.2017

Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитінің «Ғылым мен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту» сессиясы барысында ISESCO бас директоры Абдулазиз Осман әл-Тувейджри әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановқа ISESCO сыйлығын табыс етті.

Абдулазиз Осман әл-Тувейджридің атап өтуінше, қазақстандық ғалым аталған мәртебелі наградаға ғылым жолындағы еңбегінің халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, мойындалғаны және математикалық модельдеу, техникалық әрі әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару саласындағы зор үлесі үшін марапатталған.

ISESCO сыйлығы Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ғалымдарына биология, химия, геология, математика, физика және ғылыми технология салаларына қосқан айрықша ғылыми-инновациялық үлестері үшін беріледі. Сыйлық сертификаттан, алтын медальдан және ақшалай сыйақыдан тұрады.

ISESCO-ны 1979 жылы «Ислам конференциясы» ұйымы құрған болатын. Оның құрамына 50-ден астам мемлекет кіреді. Халықаралық ұйымның қызметі ислам әлем елдерінің ғылымын, білімі мен мәдениетін дамытуға және оған жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение