Жаңалықтар

Белсенділер қатарына қосылыңыз

12.09.2017

ҚазҰУ-дың 1 курс студенттері университеттің студенттік ұйым өкілдерімен кездесті.      

Студенттер "Көмек" еріктілер қозғалысы, студенттер сенаты, студенттердің ғылыми қоғамы, жоғары студенттер кеңесі, "Сұңқар" студенттер кәсіподағы, Болон үдерісі бойынша студенттік бюро және "Жас Отан" жастар қанаты сынды ұйымдар жұмысының негізгі бағытымен танысты.         

Студенттік ұйым жетекшілері жастарды студенттің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жастардың әлеуметтік жауапкершілік сезімін дамыту үшін жағдай жасау, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге қатысу, студенттердің демократиялық дәстүрін сақтау және дамыту, ғылыми, білім беру мәселелерін шешуде басқарма мекемелеріне жәрдемдесу, студенттердің бос уақытын және күнделікті өмір тұрмысы, сондай-ақ оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру сынды ұйым қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Шара соңында ұйым өкілдері бірінші курс студенттерін өздерінің бос уақытын тиімді пайдалануға және ҚазҰУ белсенділері қатарына қосылуға шақырды. 

 

Баспасөз қызметі