Жаңалықтар

Қиыр Шығыс кафедрасында өткен шеберлік сабағы

03.11.2017

Қиыр Шығыс кафедрасында шетелдік оқытушылар, сондай-ақ, кореялық дипломаттар корей және жапон студенттеріне корей тағамдарын дайындау бойынша шеберлік сабақ өткізді. ҚазҰУ-да өткізіліп жатқан Корейтану апталығына сәйкес Шығыстану факультетінде корейлік дәстүрлі тағамдар мейрамының атмосферасы орнықты. Кафедра студенттері танымал корей тағамдары Кимпап пен Токбоки жасауды үйренді. Корейтану мұғалімдері студенттермен бірге дәстүрлі корей өлеңдерін айта отырып, тағамдарды әзірледі. Тағамдардың дәмін татуға факультеттінің барлық студенттері шақырылды. Жыл сайынғы дәстүрге мейрамды Оңтүстік Корея елінен арнайы шақырылған профессор Ли Бенг Джо қолдап, көмек көрсетті.

Қиыр Шығыс кафедрасы