Жаңалықтар

ХV Республикалық пікірсайыс турнирі

04.11.2017

ҚазҰУ-да «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХV Республикалық пікірсайыс турнирінің ашылу рәсімі өтті.

Пікірсайыс турнирі ағымдағы жылдың 11-12 қараша аралығында Астана қаласында өтеді. Шараға қабылдаушы аймақтан басқа барлық облыстар мен Алматы қаласы бойынша жеңімпаз атанған командалар қатысады.

Аталмыш турнирдің мақсаты – жастар арасында пікірсайыс қозғалысына қолдау көрсету, қоғамдық пікір көшбасшыларын анықтау,



Барлық құқықтар қорғалған.

nurotan.kz материалдарын пайдалану барысында сілтеме жасау міндетті.

nurotan.kz материалдарын пайдалану барысында:
- басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.nurotan.kz электрондық порталынан алынғандығын көрсетіп отыруы міндетті.

Пікірсайыс турнирі 4-5 қараша аралығында ҚазҰУ-да өтеді. Турнир дәстүрлі түрде өткізілетіндіктен жыл сайын еліміздің әр түкпірінен қазақ және орыс лигаларында ең үздік пікірсайысшыларының басын қосады. Турнирдің мақсаты – жастар арасында пікірсайыс қозғалысына қолдау көрсету, қоғамдық пікір көшбасшыларын анықтау, қазақ тілінің латын жазбасына көшуі, рухани жаңғыру, Цифрлы Қазақстан және волонтерлік қызметті дамыту.

Жеңімпаз атанған аймақ командасы партияның ауыспалы кубогіне арналған  Республикалық пікірсайыс турнирін өткізеді.

Айта кетерлігі ең алғашқы турнирді 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы жеңіп алды. Сондай-ақ ауыспалы кубокты Астана қаласы (3 рет), Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола (2 рет), Қарағанды, Қостанай облыстары жеңіп алған.

Алматы қаласының пікірсайысшылары 2016 жылы Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХV Республикалық пікірсайыс турнирінің кубогін иеленіп, келесі турнирді өткізу құқығын Алматы қаласына әкелген болатын.  

 

Баспасөз қызметі