Жаңалықтар

Қос мемлекет форумы

08.11.2017

Челябинскте Қазақстан және Ресей ЖОО ректорларының форумы ашылды. Оған көрші елдердің жетекші жоғары оқу орындарының жетекшілерімен Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының білім министрлері қатысты.

 Форум Ресей және Қазақстан мемлекет басшыларының қатысуымен өңіраралық ынтымақтастықтың негізгі оқиғасы болып саналатын XIV форумы    қарсаңында өтті. ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Бүгінгі басты тақырып адам капиталы және білім беру басты құндылық болу қажет. Студенттер ғылымды жасап қана қоймай оны әрі қарай дамытып өмірге өзгеріс енгізуге тікелей септігін тигізуші адамдар. Сондықтан да біз біріңғай білім беру кеңістігін сақтап, оның сапасын жақсарту мен жаңа жобаларды енгізуді жалғастыруымыз қажет. Осы тұрғыда бүгінгі кездесу өте жақсы бастама болады», - деді ректор.

Бүгінгі күні Қазақстан мен Ресей университеттері арасында 30 келісім жасалып, тиімді ынтымақтастық саласы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Кездесуде Қазақстан мен Ресей ЖОО арасында Қазақстан және Ресей ЖОО ректорларының форумын анықтайтын міндеттер шеңберінде бірлескен іс-шараларға қатысты бірқатар меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде.