Жаңалықтар

ҚазҰУ ректоры Цай Фанмен кездесті

15.11.2017

ҚазҰУ ректоры Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының вице-президенті Цай Фан бастаған делегация құрамымен кездесті.

Кездесу барысында ректор Ғалым Мұтанов: «Екі елдің достығы мен тату көршілігі сонау тарихтан тамыр алады. Сондықтан да ғасырға жалғасқан достық Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдениет пен білім саласындағы байланыс орнатылғанын нақты айғақтайды»,- деді.  

Кездесу барысында делегация өкілдері Қытай университеттері жайлы қысқаша ақпарат беріп, ҚазҰУ-мен әріптестік танытуға әзір екендіктерін жеткізді.

Тараптар Қытайдың жоғарғы оқу орындарымен серіктестікті дамыту, оқытушы-профессорлар құрамымен тәжірбие алмасу, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру, жетекші профессорларды шақыру секілді түрлі бағыттарда ынтымақтастық орнату жайын талқыға салды. Сондай-ақ олар білім беру, ғылыми-зерттеу және академиялық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша бірлесіп жұмыстар атқаруды да алға тартты.

Баспасөз қызметі