Жаңалықтар

Пәкістан мен Қазақстан арасындағы 25 жылдық дипломатиялық қарым-қатынастар

20.11.2017

ҚАЗАҚСТАН МЕН ПӘКІСТАН АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ОРНАУЫНА 25 ЖЫЛ

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жолындағы келісімде бүгінгі күні өз жалғасын табуда.  Оның дәлелі ретінде 14 қараша 2017 жылы Қазақстандағы Пәкістан Елшілігі басшылығы, Ұлттық кітапхана қызметкерлері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімінің ұстаздары бірлесе Пәкістанның Тәуелсіздігіне 70 жыл толуына, Пәкістан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай, сондай-ақ Пәкістанның  ұлы ақыны, философы, рухани көшбасшы Аллам Мұхаммад Икбалдың туғанына 140 жыл толуына байланысты дөңгелек үстел өткізді.

Шараны жүргізген шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре Пәкістан халқын біртуар ұлы ақынның 140 жылдық мерей тойымен құттықтап, келген қонақтарға сөз кезегін берді. Дөңгелек үстел қонақтары Пәкістанның Қазақстандағы Өкілетті және Төтенше Елшісі Абдул Салик Хан мырза сөз алып, екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың 25 жылдығымен құттықтай келе, елдер арасындағы достықтың өз жалғасын таба беретіндігін атап өтті. Сонымен қатар жиын барысында Пәкістан Елшілігінің әскери атташе бригадалық генералы Шакил Фариди, Пәкістан Ислам Республикасы Елшісінің орынбасары Вакас Ахмед, Пәкістан ұлттық банктің төрағасы Мухаммед Рафик сөз алып, атаулы шараның мерейтойымен құттықтап, сөз алды. Шара барысында философ, ақын М.Икбалдың Пәкістан халқына, жалпы мұсылман мәдениетіне қалдырған ізгі мұралары жөніндегі баяндамаларын жасалынып, ақынның өлеңдері урду және қазақ тілінде оқылды. Ақын шығармашылығымен сусындағын тыңдармандар, көңілді көңіл күймен тарқасты.

Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы