Жаңалықтар

UI GreenMetric Ranking of World Universities 2017

21.12.2017

 UI Green Metric 2017 жылғы UI GreenMetric World Ranking Universities нәтижесін жариялады. Сегізінші рет әртүрлі ЖОО-ның тұрақты дамуына және жоғары оқу орындарын басқаруда қолайлы жағдай жасауға ұмтылуын салыстыратын рейтинг өтті. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ осы беделді рейтингке екінші рет қатысты және мұндай қатысудың екінші тәжірибесіне қарамастан, 186-шы орынды иеленіп, «жасыл даму» бойынша университеттің зор жетістіктері мен әлеуетіне куә болды. Нәтижелер университеттер ұсынған онлайн ақпарат негізінде есептеледі. Бұл жылы ақпараттар негізгі алты деңгей бойынша жіктелген: жасыл көрсеткіштер (15%), энергетика мен климаттың өзгеруі (21%), қалдықтарды басқару (18%), суды пайдалану (10%), транспорт (18%), және білім беру (18%).

2017 жылдың нәтижелері АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Испания, Италия, Оңтүстік Америка, Қытай Тайбэйі және Еуропа, Азия және Африкадан басқа Алжир, Бахрейн, Финляндия, Гондурас, Қазақстан, Қырғыстан, Жаңа Зеландия, Нигерия, Никарагуа, Венесуэла университеттерін қамтиды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саралау қорытындысы бойынша әлемнің 619 университеттерінің арасынан 5089 балл жинап, 186 орынды иеленді. Жасыл көрсеткіштер: инфрақұрылым (855), энергетика және климаттың өзгеруі (1441), қалдықтарды басқару (774), суды пайдалану (280), көлік (912) және білім (827).

 

 

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы