Жаңалықтар

«Еуропалық жоғары оқу орындары мен бизнес кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық тәжірибесі»

27.12.2017

Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Еуропалық жоғары оқу орындары мен бизнес кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық тәжірибесі» тақырыбында Erasmus + «Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды біріктіру-ENINEDU»(2016-2019)жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты еуропалық жоғары оқу орындарының тәжірибесі негізінде (еуропалық университеттерде жобаға қатысушылардың тәжірибе жинақталуының нәтижелері бойынша) кәсіпорындар мен бизнеспен тиімді өзара іс-қимыл туралы жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінің біліктілігін дамытуға үлес қосу болып табылады.

Жиынның негізгі мақсаты еуропалық жоғары оқу орындарының тәжірибесі негізінде кәсіпорындар мен бизнеспен тиімді өзара іс-қимыл туралы жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінің біліктілігін дамытуға үлес қосу болып табылады.

Дөңгелек үстел аясында жұмыс берушілер мен жоғары оқу орындарының арасындағы қазіргі кәсіби құрылым анықталып, Еуропа елдеріндегі бизнес-университеттер жүйесін қолдану тәжірибесі мен заңнамадағы проблемалық мәселелер талқыланды. Сондай-ақ ЕО елдерінің тәжірибесі негізінде ЖОО-ның бизнес және кәсіпорындармен тиімді ынтымақтастық жасаудағы тиімді ұсыныстар мен шаралар қарастырылды.