Жаңалықтар

Үйлестіру кеңесі

16.02.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Эразмус еуропалық жобасының + «Эниндеу 574060-Epp-1-2016-Kz-Eppka2-Cbhe-Sp» жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды біріктіруді жақсарту бойынша үйлестіру кеңесі болып өтті.

Алғаш рет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үйлестірушісі болып тағайындалған. Және аталған жоба 2016 жылы Еуропалық комиссия мақұлдаған болатын. Үйлестіру кеңесі жұмысына Сантьяго Компостела университеті (Испания), Афины экономика және бизнес университеті (Греция), Ниццаның университеттері - София Антиполис (Франция), Шопрон университеті (Венгрия), Ресей халықтар достығы университеті, Самар мемлекеттік экономикалық университеті, И.С.Тургенев атындағы Орловский мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттері қатысты.

Алғаш болып сөз алған бірінші проректор М. Бүркітбаев жобаның мақсаты консорциум елдеріндегі бизнес-университеттердің ынтымақтастығын жетілдіруде білім мен тәжірибе алмасу бойынша ортақ мақсаттар мен келісімге қол жеткізуге бағытталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстандағы ұлттық кеңсесінің Erasmus+ жобасы бойынша үйлестірушісі Шайзада Тасбулатова, ҚР БҒМ өкілі Р.Мендалиева, ҚазҰУ жобалары бойынша үйлестіруші Ш. Жомартова және басқалары баяндама жасады.

Қатысушылар іскерлік және университеттік тәжірибені қайта қарауға бағытталған ортақ мақсаттарды одан әрі жүзеге асырудың негізгі қадамдарын талқылап, жобаға қатысушылардың бизнес және университеттегі ынтымақтастық туралы заңнамаларын, қажеттіліктерін, тәжірибелерін, әдістерін және басқа да көптеген мәселелерді талқыға салды. Жыл бойы жобаға қатысушылар көптеген еуропалық университеттердің тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды. Онда кәсіпорындар және компаниялармен тығыз қарым-қатынаста болған университеттер мемлекеттік деңгейде қолдауға ие болды. Еуропа елдеріндегі жоғары оқу орындарымен жұмыс істейтін кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықтың барлық нүктелері заңнамалық деңгейде бекітілген. Бұл олардың білім беру бағдарламаларының маңыздылығын арттырады.

Кездесуге Ресейден, Франциядан және Венгриядан келген қатысушылардың біреуі студенттер қазірдің өзінде белгілі компаниялар мен фирмаларда жұмыс істей бастайды және белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін жобаларды жүзеге асырып жатқандығын атап өтті. «Олар үшін жұмыс орындары дайын тұр. Бұл білім беру үдерісіндегі нақты бизнес-тәжірибемен ықпалдасу студент үшін ең қызықты және пайдалы. Бұдан басқа, өз білімін тәжірибеде әрі қарай қолдануға мүмкіндік бар».

Үйлестіру мәжілісі соңында қатысушылар бизнес пен білім беру бағдарламаларын интеграциялауды жақсартудың тиімділігі оны әрі қарай дамыту мен насихаттау бойынша ортақ ұстаным мен жалпы көзқарас қалыптастырды. Сондай-ақ, әріптестердің заңнамалық базасында білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізуге арналған мүмкіндіктер мен ұсыныстар ұсынылды.

Бұған дейін ТЕМПУС жобалары аясында ҚазҰУ жетекші болып, 13 жобаға қатысты. Tempus және басқа жобалар енді бір Erasmus + бағдарламасына біріктірілді.

 

Баспасөз  қызметі