Жаңалықтар

СБИ және старт-ап жайлы семинар

16.02.2018

Ғылыми-технологиялық парк базасында халықаралық қатынастар факультетінің бастамасымен «СБИ мен старт-аптарды құру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренинг студенттік бизнес-инкубаторларды құру мен өз идеяңды старт-ап жобасына айналдыру жолдарына арналды. Факультет студенттері мен оқытушыларына EXPO 2017: Future energy қарсаңында альтернативті энергия мен жасыл технологияны дамыту мақсатында оқытушылар мен студенттер жасыл технология зонасына экскурсия жасады. Сондай-ақ студенттер Ғылыми-технологиялық паркте орналасқан компаниялармен және старт-ап компанияны тіркеген жағдайда студенттерге берілетін инфраструктурамен танысты.

Ғылыми мәселелер бойынша директордың орынбасары А.С.Ақтымбаева, жоба менеджерлері Е. Нурулы және басқа да оқытушылар презентация жасап, баяндама оқыды. Презентация барысында өз жобаңды бастау жолдары мен оны дұрыс бағытта жүргізу туралы студенттерге нұсқаулықтар, тіркеуге қажетті құжаттар тізімі жайлы толық ақпарат берілді. Студенттер өздерінің қызығушылықтарын білдіріп, сұрақтар қойылып белсенділік танытты.

Халықаралық қатынастар