Жаңалықтар

БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасы

19.02.2018

UNAI (БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасы) бағдарламасына қатысушы жоғары оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдары ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті жанындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық ақпараттық-ресурстық қолдау орталығының басшылығымен, Алматыдағы ҚР СІМ кеңсесінің және Алматыдағы БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің қолдауымен жоғары деңгейдегі жиынның қатысушыларына «Қазақстан – БҰҰ: Тәжірибе, жетістіктер және ынтымақтастықтың келешегі» атты хабарлама дайындады. Жоғары деңгейдегі кездесу Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бірінші өкілдігінің ашылуына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Аталған шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қ. Абдрахманов, Алматы қаласының әкімі Б. Байбек, Қазақстандағы БҰҰ агенттіктерінің басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, академиялық және сараптамалық қоғамдастық мүшелері қатысты.

Жеті тілде орындалған өз жолдауларында UNAI бағдарламасына қатысушы жоғары оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдары БҰҰ-ның Қазақстан Республикасының дамуына қосқан зор үлесін, сондай-ақ біздің елімізді дамытуға, бейбітшілік пен тұрақтылыққа қосқан еңбегі мен рөлін ерекше атап өтті.

UNAI бағдарламасына қатысушы жоғары оқу орындарының өскелең ұрпағының басты айтар – БҰҰ-ның 17 тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы және жаһандық проблемаларды шешудегі білім беру мен академиялық қоғамдастықтың рөлі болып табылады. Өздерін БҰҰ бір бөлігі ретінде тани отырып және бар жауапкершілігін түсіне отырып, хабарлама бастамашылары БҰҰ-ның негізгі мақсаттары мен қағидаларына бірлесе отырып қол жеткізуге сенім білдірді.

Хабарлама ҚазҰУ жанындағы БҰҰ аймақтық ақпараттық-ресурстық қолдау орталығының директоры, PhD докторы Л.Ф. Деловарованың жетекшілігімен дайындалды.

Жеті тілдегі хабарламаны UNAI бағдарламасына қатысушы жоғары оқу орындарының студенттері атап өтті:

·        АйжанТолеухан - «Тұран» Университеті (қазақша)
·        Мохаммад Махад - Сүлейман Демирел Университеті (арабша)
·        Лина Жунисбек - Әл-Фараби ҚазҰУ (қытайша)
·        Димаш Жарылкасын - НАРХОЗ Университеті (ағылшынша)
·        Алихан Хасанай-Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ (французша)
·        Ақбота Мамбетова - КМЭБИ Университеті (орысша)
·        Ширингуль Каримова - Әль-Фараби ҚазҰУ (испанша)