Жаңалықтар

ҚазҰУ студенті Азия кубогында алтын алды

20.07.2018

ҚазҰУ-дың «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3-курс студенті Сұңғат Жұбатқан Шолпан-Атада (Қырғыстан) Азия кубогы үшін өткен жастар арасындағы дзюдодан алтын алды.

Жарысқа әлемнің 12 елінен 200-ден астам жас дзюдошы қатысты. Аталмыш додада ҚазҰУ студенті Сұңғат Жұбатқан төрт жекпе-жекті ұтып 66 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Сұңғат Жұбатқан алдағы уақытта қазан айының 17-21 жұлдызында дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. Ол дзюдомен айналысқан 10 жыл ішінде Еуропа кубогы мен Қазақстанның үш дүркін иегері, Азия чемпионы атанып үлгерді. Жас чемпион БЖСМ "Жас батыр" клубының жаттықтырушылары Манарбек Бисекенов және Сергей Волобуевпен бірге алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындалуда.

 Баспасөз қызметі