Жаңалықтар

"Ундістан Гарварды"

17.07.2018

World ' s Brands & Leaders 2017-18, сыйлығымен марапатталған "Әлемдегі ең үздік атқарушы директор" номинациясының иегері Дубайдағы SP Jain School of Global Management университетінің бас директоры және кампус басшысы Кристофер Абрахам әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметімен танысты.

Қонақтарды қарсы алған ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев университеттің көп векторлы жұмысы туралы айтып, классикалық университеттен заманауи әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу бағдарламасын жүзеге асыру ісін ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ ҚазҰУ әлемдік QS рейтингісінде 220 орын иеленгенін және әртүрлі халықаралық ұйымдар мен альянстардың мүшесі болып табылады деді.

Бірінші проректор екі елдің жетекші жоғары оқу орындарының білімге негізделген кадрларды дайындауда ұлттық экономикаларды ғылыми және технологиялық қолдау мүддесін біріктіруді ұсынды.

Болон конвенциясының талаптарына сәйкес құрылған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық күнтізбесімен таныстырған М.Бүркітбаев делегация құрамына ҚазҰУ-дың экономика факультеті базасында оқытушы және студенттер алмасу, бірлескен жазғы мектептер ұйымдастыру, магистранттар мен докторанттарға арналған MBA бағдарламаларын бірлесе дамыту бағыттары бойынша ынтымақтастықты бастауды ұсынды. Кездесу барысында проректор SP jain School of Global management университетінің оқытушы профессорларына ҚазҰУ-дың PhD докторанттарына ғылыми жетекші болу мен дәріс оқыту жайын да ұсынды.

Өз кезегінде SP jain School of Global management университетінің ректоры Кристоф Абрахам әріптестерінің жылы қабылдауына алғыс білдіріп, 10 000 студент оқитын университеттің негізгі қызметімен таныстырды. Бизнес-мектеп 1991 жылы ашылған. Бүгінде университет Үндістанның 1700 бизнес-мектебі арасында жоғары рейтингтік көрсеткішке ие. Университеттің ерекшелігі әртүрлі Дубай, Сингапур, Сидней қалаларында білім беріледі. Оқу барысында студенттер әртүрлі елдердің мәдениеті, дәстүрі, технологиялық инновациясы және саяси ерекшеліктері туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Университет барлық деңгейдегі білім беруді қамтамасыз етеді.

Шара соңында SP jain School of Global management университетінің ректоры студенттік алмасым бағдарламасын ұйымдастырып ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерін SP jain School of Global management университетінде оқу үшін іріктеуді бастауды ұсынды. Ол сондай-ақ оқытушылармен алмасу туралы ұсынысты қолдап, білім және инновация салаларында бірлескен жобалар және MBA бағдарламасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқыға салды.

Баспасөз қызметі