Жаңалықтар

Мәжіліс депутатымен кездесу

23.07.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында "Нұр Отан" партиясының мүшесі Парламент Мәжілісінің депутаты отставкадағы генерал-лейтенант А.Тасбулатовпен кездесу өтті.

Аталмыш шарада ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры А.Хикметов, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласындағы филиалының саясаттану бөлімінің меңгерушісі К.Табеев, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары М. Балбаева пен әскери кафедраның қызметкерлері болды.

Жиналыс барысында генерал-лейтенант Абай Тасбулатов ҚР Парламент Мәжілісінің қызметі жайлы айтып. «Нұр Отан» партиясы фракциясының еліміздің егемендігімен қорғанысы туралы заң шығару туралы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар еліміздің Қарулы Күштер ардагерлері мен әскери қызметкерлердің әлеуметтік кепілдері мен құқықтары және де тұрғын үй мәселесі жайына да тоқталды.

Содай-ақ Абай Тасбулатов Алматы қаласының оқушылары мен студенттерін патриоттық рухта тәрбиелуде ҚазҰУ әскери кафедрасының жұмысы ерекше екенін атап өтті.

Кездесу барысында қонақтар әскери кафедраның әскери-патриоттық жұмыстары орталығының қызметін және де Республикалық әскери-патриоттық "Сарбаз" газетінің корреспонденттік пунктімен танысып олардың жұмысына жоғарғы баға берді.

 

Әскери кафедра