Жаңалықтар

Талапкерлер талпынысы

25.07.2018

ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы 26 шілдеге дейін республикалық білім гранты байқауына талапкерлердің құжатын қабылдап жатқанын тағы бір мәрте хабарлайды.

Осыны ескерер болсақ университетке оқуға түсушілер саны жылдан-жылға артып келеді. Солардың бірі сонау Түркістан қаласынан келген Оспан Жайна «Мен Қазақстандағы жетекші оқу орындарының бірі ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетіне өз құжатымды тапсырдым. Алдағы уақытта халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы білім беретін осы оқу ордада өзімді жан-жақты дамытып тәуелсіз елімнің ертеңіне үлкен үлес қосатыныма сенемін»,- дейді талапкер.

Бүгінде университет әлемнің әйгілі жоғары оқу орындарымен қосдипломды білім бағдарламаларын, ағылшын тілінде оқытуды және халықаралық ынтымақтастықты қарқынды дамытуда, жұмыс берушілердің талабын ескере отырып нәтижеге бағытталған басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерін, жаңа оқу бағдарламалары мен технологияларды да енгізуде. Осы ретте жоғары білім алуға ұмтылған жас талапкерлерге ақ жол тілейміз! Сапалы білім мен қайталанбас қызықты студенттік өмірді қаласаңыз, ҚазҰУ-ды таңдаңыз!

Баспасөз қызметі