Жаңалықтар

Ректорат мәжілісі өтті

06.08.2018

Биыл ҚазҰУ мемлекеттік білім алуға бөлінген жалпы грант санының 6604-не ие болды.

Бұл туралы ҚазҰУ-дың кезекті ректорат мәжілісі барысында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жарылқасын Жаппасов хабарлады. Оның айтуынша, биыл грант саны мен оқуға тапсырушы талапкерлер саны да өте көп. Факультеттер тұрғысында білім алуға бөлінген гранттар көрсеткіші де өзгеше. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл физика-техникалық мамандықтарға 989 орын, география және табиғатты пайдалану факультетіне 803, биология және биотехнология факультетіне 670, механика-математика саласына 552 грант бөлінген. Соның ішінде радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы ең көп 276 грантты иеленіп отыр. Бұдан жаратылыстану ғылымдары мен техникалық бағыттарға, еңбек нарығында аса қажеттілік туындаған басқа да мамандықтарды даярлауға басымдық берілгенін байқаймыз, - деді жауапты хатшы. Сондай-ақ жиын барысында өндірістік қамтамасыз ету департаментінің директоры Ғимадиден Захарұлы оқу ғимараттары мен аудиториялардың жөндеу жұмыстарының барысымен таныстырып, осы жылы 108 000 метр қашықтықты құрайтын оқу ғимараттарының қабырғалары мен жақтауларына әрлеу жұмыстары жасалып қайта жөндеуден өткендігін жеткізіп, жиын соңында өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыға салынды.

Баспасөз қызметі