Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері футзалдан әлем Чемпионатына қатысады

13.08.2018

Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді. Жарысқа Бразилия, Аргентина, Португалия, Испания, Италия, Польша, Таиланд, Иран, Ресей, Украина және Қазақстан командалары қатысады.

Чемпионатта бүкіл құрлықтың 16 ерлер және 12 әйелдер командасы ойын көрсетеді. Аталмыш Әлем Чемпионатында  Қазақстан құрама командасы ҰСЛ құрамында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультет дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері Ринат Умешов, Болат Сарбасов (ерлер командасы) және Тоғжан Бекпенбет (әйелдер командасы) қатысады. Жаттықтырушылары «Салауатты өмір салты» орталығының оқытушысы Жақсылық Байсариев.

Футзалдан өтетін ӘЧ-2018 ұйымдастырушылары ҚР студенттік спорт Федерациясы және Ұлттық студенттік лигасы. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен құрылған Ұлттық студенттік лигасының негізгі мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.  

Өтетін орны, күні мен уақыты: Алматы қаласы, Алғабас шағын ауданы-1", "Almaty Arena" сарайы (кіру Б. Момышұлы көшесі жағынан). Ашылу салтанаты: 19 тамыз, сағат: 10.30-11.30, жабылу салтанаты: 26 тамыз сағат: 16.30