Жаңалықтар

Футзалдан әлем чемпионаты басталды

20.08.2018

Алматы қаласында «Алматы Арена» сарайында футзалдан студенттер арасындағы Әлем чемпионатының салатанатты ашылу рәсімі өтті. Аталмыш Чемпионатқа ҚазҰУ-дың Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері Ринат Умешов, Болат Сарбасов (ерлер командасы) және Тоғжан Бекпенбет (әйелдер командасы) қатысуда.

Әлем чемпионатының салтанатты түрде ашқан Алматы әкімі Бауыржан Байбек барша құрама командаларға сәттілік тіледі.

Бір айта кетерлігі, дүбірлі жарыстың ашылуына биыл ҚазҰУ студенті атанған 5000-ға жуық 1-курс студенттері қатысып, спортшыларымызға қолдау білдірушілер қатарынан табылды.

Сонымен қатар чемпионат ойындарына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, FISU вице-президенті Мариан Дымальски, Алматы қаласының басшылығы, белгілі спортшылар, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ректорлары қатысты.

Ұлттық студенттер лигасының президенті Дамир Шыныбековтің айтуынша, 16 жылдан бері, Әлем чемпионатына қатысушылардың саны рекордтық межеге жетіп, биыл жарысқа Болгария, Аргентина, Германия, Израил, Жаңа Зеландия, Хорватия, Польша, Ресей, Слровакия, Тайланд, Украина, Франция, Канада, Қытай, Чехия сияқты 17 елден келген 454 студентті қатысып, 25 кұрама командасы бақ сынаспақ.

ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионаты тамыздың 26-дейін жалғасады.

Аталмыш додада спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

 

Баспасөз қызметі