Жаңалықтар

Баландин қола жүлдегер атанды

22.08.2018

 Рио-2016 олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Азиада-2018 ойындарында қола жүлдегер атанды.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, Баландин 59.39. көрсеткішпен Жапония және Қытай спортшыларын алға жіберген.

Естеріңізге салар болсақ, Баландин Кванджу қаласында өткен жазғы Бүкіләлемдік Универсиадада 100 метрге, Рио-де-Жанейро қаласында 200 метрге браспен жүзу әдісі бойынша жеңімпаз атанып, тек Азия емес, бүкіл әлемнің мықты жүзгіштерінің бірі екендігін дәлелдеген болатын.