Жаңалықтар

Институт жобалары таныстырылды

17.08.2018

ҚазҰУ-да халықаралық жастар күні мерекесіне орай ҚазҰУ-дың Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтының жаһандық жобаларының таныстырылымы өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ United Nations Academic Impact (UNAI) тұрақты даму бойынша жаhандық хабы үстіміздегі жылдың тамыз айының соңында Альпбахтада (Австрия) өтетін ірі халықаралық форумда аталмыш жобаларды таныстыруды жоспарлап отыр.

Шара аясында ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев жиналған қауымға институтының академиялық және ғылыми-зерттеу бағдарламалары туралы және БҰҰ-ның жаһандық жобаларының жүзеге асырылып жатқандығы жайлы айтып өтті. Сондай-ақ проректор «ҚазҰУ-дың академиялық ықпал ету жаһандық хабына (UNAI) жетекшілік ету қызметіне БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі және БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаменті, сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі үлкен қолдау көрсетіп келеді», - деді ол.

Жиын барысында студенттерге Пан Ги Мун институты мен БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі клубының жұмысы таныстырылып, MDP/Global Classroom program on Sustainable Development және басқа да халықаралық академиялық мобильділік бағдарламаларының мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.

Баспасөз қызметі