Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері үздік көрсеткіштер көрсетуде

23.08.2018

Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан XVIII жазғы Азиада ойындарында ҚазҰУ студенттері де ел намысын қорғап үздік көрсеткіштерге қол жеткізуде. Атап айтар болсақ әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова Оңтүстік Кореядан келген қарсыласын жеңіп, 76 келіге дейін салмақта қола медаль жеңіп алса, грек-рим күресінен Азия ойындарының екі дүркін чемпионы,130 келі салмақ дәрежесінде белдескен Нұрмахан Тінәлиев күміс медальға қол жеткізді. Сонымен қатар оңтүстіккореялық Рю Хан Сумен 67 келі салмақта белдескен Алмат Кебісбаев та күміске қол жеткізді.

Дәл қәзірігі таңда еліміздің намысын қорғап шаршы алаңға шығып, көк тудың көкте желбіреуіне барын салып жатқан Қазақста құрама командасының қоржынында 12 медаль бар.

Дүбірлі додада спортшыларымызға сәттілік тілейміз! 

Баспасөз қызметі